«Полиция дабыл қағуда»...
Бейбітшілік заман, бірақ қаза тапқан адамдар саны баршылық...
Соңғы уақытта біздің азаматтар жол-көлік оқиғалары кезінде қаза табуда. Ең қайғылы жағдай, бұл жол апаттары балалардың да өмірін қиды.
Тамыз айының басынан бері Ақтөбе облысында орын алған 3 жол апатынан 12 адам, оның ішінде 2 бала көз жұмды.
Осыған байланысты, полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарына халықпен бірлесуді жөн көрді.