Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ақтөбелік полицейлер тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полицияның алдын алу шараларына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері орын алуда.
Мысалы, 18 тамыз күні түнде кәмелетке толмаған жасөспірім мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз "LT-200" мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел кенті бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, оң жаққа аударылып кеткен. Анықталғандай, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі де жоқ.
ЖКО салдарынан ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.