Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 81 велосипед ұрланды.
Статистикаға сәйкес, тұрғын үй алаптарындағы кіреберіс — велосипед көп ұрланатын жерлердің бірі.
Мысалы, 07 тамыз күні кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адам "Stels" маркалы велосипед ұрлап кеткен.
Иесі велосипедін кіреберістің алдында бекітусіз қалдырған. Күдіктінің жеке басы анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті велосипед иелеріне келесі ережелерді сақтауға кеңес береді: