Ағымдағы жылдың маусым айында Ақтөбе қаласы полиция бөліміне тонау фактісі бойынша адам арызданды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айының соғында көшеде оған белгісіз тұлғалар күш көрсетіп, кейін оны смартфон арқылы 2 000 000 тенгеге жуық сомаға онлайн кредит рәсімдеуге мәжбірлеген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.