Құны қымбат мүлікті сатып алу-сату мәмілесі алаяқтардың ақшаға кенелетін кезі.
Алаяқтар үнемі заманауи бағытқа бейімделіп, айла-амалдарының жаңа тәсілдерін ойлап табады.
Мысалы, Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды. 11 мамырда жәбірленушінің танысы Владивосток қаласынан бағасы тиімді автомобиль қозғалтқышын жеткізуін сұрады. Мәміленің барлық егжей-тегжейін талқылағаннан кейін, ер адам алдын ала төлем сұрады.
Ер адам бірден оған 500 мың теңге көлемінде ақша аударған. Бірақ қажет затқа қол жеткізгеннен кейін күдікті байланысқа шықпаған.