Жүргізуші мас күйінде жол апатын жасаған. Оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қонаев көшесінде «Lada Priora» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып 41 жастағы әйелді қағып кеткен.
ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.