Жұбанов университетінде “ Салауатты ұрпақ-ұлт байлығы” ||| Халықаралық форумы өтті   2025 жылғы 29 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Отбасы – тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты III Халықаралық форум өтті.  

Іс-шараның мақсаты — жаһандық өзгерістер жағдайында жастарға сапалы білім беру мен психологиялық қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған тиімді стратегиялар мен шешімдерді ұсыну.  

Ауқымды шараға жоғары санатты психолог мамандар, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, БҰҰ, жастар саясаты салалары сарапшылары, Ұлттық комиссия, жергілікті басқарма және  құқық қорғау органдары өкілдері, сонымен қатар еліміздің 15-ке жуық жоғары оқу орындарынан және Өзбекстан, Ұлыбритания елдерінің университеттерінен ғалымдар қатысты.  

Университет ректоры, форум модераторы Лаура Қарабасова қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл шара өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты әрекеттерге бастайтын алаң екенін атап өтті.  

Пленарлық мәжілісте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы жастарға уақытында психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

«Қазіргі уақытта жастардың психологиялық денсаулығы – қоғамымыздың  өзекті мәселелерінің бірі. Түрлі әлеуметтік, отбасылық, жеке мәселелер – мұның барлығы жастардың менталдық денсаулығына әсер ететіні сөзсіз. Психологиялық қолдау – бұл тек емдеу немесе кеңес беру емес, ол – сенім қалыптастыру, әрбір жасқа өзінің жалғыз емес екенін сезіндіру. Біз жастарымызға уақтылы қолдау көрсете білсек, олардың өмірлік жолын жеңілдетіп, табысты болашағына жол ашамыз», — деді ол.  

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Төрағасының орынбасары, саясаттанушы Жұлдызай Искакова Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ұлттық комиссия көтерген бастамаларға тоқталды.

«Балалар мен жастардың қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар әрдайым басты назарда. Атап айтқанда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суицидтің алдын алу бағытында нақты бастамалар жүзеге асырылуда. Жастардың сапалы білім алуы мен тәрбиесі – мемлекет пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара үйлесімді іс-қимылды жолға қоюымыз қажет»,– деді ол.    «AMANAT» партиясы хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрайымы, Ұлттық комиссия мүшесі Шолпан Каринова жастарға бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.

«Қазіргі ақпарат ағыны, жаһандық тұрақсыздық, әлеуметтік желілердің ықпалы – бәрі жастарға елеулі қысым түсіреді. Сондықтан біз олардың ішкі әлеуетін дамытатын орта қалыптастыруымыз керек. Сонда жастар кез келген қиындыққа дайын болады»,– деді ол.  

Сонымен қатар жиында КИМЭП университетінің психология профессоры, магистратура және ғылыми зерттеулер жөніндегі деканның орынбасары, доктор Херман Гроблер жаһандық өзгерістер жағдайында жастардың психологиялық денсаулығын сақтау және жүйелі қолдау тетіктері туралы ой-пікірін ортаға салды.  

Форум аясында сондай-ақ сараптамалық пікірталастар өтіп, жастардың психикалық денсаулығын қорғау, білім беру жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу және тәуекелдерді басқару стратегиялары ұсынылды.

В университете Жубанова прошел ||| Международный форум “ Здоровое поколение-богатство нации”

29 мая 2025 года при поддержке Министерства науки и высшего образования РК в Актюбинском региональном университете имени К. Жубанова в рамках декады «Отбасы – тәрбие бастауы» состоялся III Международный форум «Здоровое поколение – богатство нации».  

Цель мероприятия — представить эффективные стратегии и решения, направленные на совершенствование системы качественного образования и психологической поддержки молодежи в условиях глобальных изменений.  

В масштабном мероприятии приняли участие психологи высшей категории, эксперты ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ООН, сферы молодежной политики, представители Национальной комиссии, местного управления и правоохранительных органов, а также ученые из почти 15 вузов страны и университетов Узбекистана и  Великобритании.  

Ректор университета, модератор форума Лаура Карабасова пожелала участникам удачи и отметила, что данное мероприятие является площадкой не только для обсуждения актуальных вопросов, но и для инициирования конкретных действий.  

На пленарном заседании заместитель председателя комитета высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования РК Акерке Абылайхан отметила важность своевременной психологической помощи молодежи.  

«В настоящее время психологическое здоровье молодежи – одна из актуальных проблем нашего общества. Различные социальные, семейные, личные проблемы — все это, несомненно, влияет на ментальное здоровье молодежи. Психологическая поддержка – это не просто лечение или консультирование, это создание доверия, создание ощущения у каждого молодого человека, что он не одинок. Если мы сможем оказать своевременную поддержку нашей молодежи, мы сможем облегчить им жизненный путь и открыть путь к успешному будущему»,— сказала она.  

Заместитель председателя Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, политолог Жулдызай Искакова остановилась на инициативах, выдвинутых Национальной комиссией в рамках реализации поручений Главы государства, данных на Национальном курултае.  

«Факторы, влияющие на безопасность детей и молодежи, всегда находятся в центре внимания. В частности, реализуются конкретные инициативы по охране репродуктивного здоровья женщин, обеспечению цифровой безопасности, предотвращению суицида. Качественное образование и воспитание молодежи — это общая ответственность государства и родителей. Вместе с тем, необходимо наладить гармоничное взаимодействие между государственными и общественными организациями»,- подчеркнула Жулдызай Искакова.  

Секретарь партии «AMANAT»,  председатель женского крыла партии, член Национальной комиссии Шолпан Каринова отметила важность молодежного направления.  

«Нынешний поток информации, глобальная нестабильность, влияние социальных сетей — все это оказывает существенное давление на молодых людей, поэтому нам необходимо создать среду, которая будет развивать их внутренний потенциал. Тогда молодые люди будут готовы к любым трудностям»,— сказала секретарь партии «AMANAT».  

Также на совещании профессор психологии университета КИМЭП, заместитель декана по магистратуре и научным исследованиям доктор Герман Гроблер поделился своим взглядом о механизмах сохранения и системной поддержки психологического здоровья молодежи в условиях глобальных изменений.  

В рамках форума также прошли экспертные дискуссии, были представлены стратегии защиты психического здоровья молодежи, адаптации системы образования к современным требованиям и управления рисками.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:55
Рубрика: Новости
Категория: Актобе