Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады Құттықтау өңір басшысы Асхат Шахаровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
«» Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен, Мемлекеттік қызметшілер күні мен Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Қос мереке – ел игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген әріптестерімізге деген құрмет пен алғыстың белгісі. Қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті сақтау, мемлекеттік саясатты табысты жүзеге асыру – осы саладағы қызметкерлердің қажырлы еңбектерінің жемісі. Ақтөбе облысында бүгінгі күні 3877 мемлекеттік қызметші халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Араларында «Болашақ» бағдарламасы және Мемлекеттік басқару академиясының түлектері бар. Бұл — жоғары жауапкершілік пен табандылықты талап ететін абыройлы міндет. Биыл өңіріміз Өскемен қаласында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы Республикалық Спартакиаданың чемпионы атанды. Бұл — екінші жыл қатарынан қол жеткізген жеңіс. Дүбірлі додаға қатысқандар өздерінің кәсібилігі мен ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал, полиция қызметкерлері – қоғам тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігінің кепілі. Қандай жағдайда болмасын, олар елдің заңын, халықтың тыныштығын күзетіп келеді. Соңғы жылдары облысымызда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы біртіндеп нығайтылып, қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Еліміздің игілігі үшін, қандай қиындықта да адал қызмет ету – мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің басты қағидасы. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен елге деген адалдықтарыңыз – қоғамның сенімі мен құрметіне лайық. Баршаңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасы амандығы, кәсіби табыс пен биік абырой тілеймін! Еліміздің дамуы жолында бірлесе еңбек етіп, жаңа белестерге жете берейік!
Аким области поздравил государственных служащих и сотрудников полиции с профессиональным праздником Поздравление было опубликовано на странице главы региона Асхата Шахарова в социальной сети Facebook.
«» Поздравляю вас с профессиональными праздниками — Днем государственного служащего и Днем полиции Казахстана! Этот двойной праздник является выражением уважения и благодарности нашим коллегам, которые добросовестно трудятся на благо страны. Стабильность и порядок в обществе, успешная реализация государственной политики — это результат упорного труда сотрудников данной сферы. На сегодняшний день в Актюбинской области 3877 государственных служащих преданно служат народу. Среди них — выпускники программы «Болашак» и Академии государственного управления. Это — почетная миссия, требующая высокой ответственности и настойчивости. В этом году наша область стала чемпионом Республиканской спартакиады среди госслужащих, прошедшей в городе Усть-Каменогорск. Победа была одержана второй год подряд. Участники масштабного соревнования в очередной раз доказали свой профессионализм и сплоченность. Сотрудники полиции — гарант общественного спокойствия и безопасности граждан. В любых обстоятельствах они стоят на страже закона и общественного порядка. В последние годы в нашей области постепенно укрепляется материально-техническая база органов внутренних дел и проводится системная работа по повышению качества службы. Главный принцип государственных служащих и полицейских — служить честно, несмотря на любые трудности, ради блага страны. Ваша стойкость и преданность Родине заслуживают доверия и уважения общества. Поздравляю от всей души вас с профессиональными праздниками! Желаю крепкого здоровья, семейного благополучия, профессиональных успехов и высокого признания! Давайте и дальше работать вместе на благо развития нашей страны и достигать новых высот!
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма