На сегодняшний день в области работают 3877 государственных служащих

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Айбек Шілманов мемлекеттік қызметтің ағымдағы жағдайы бойынша баяндама жасап, өңірдегі кадр саясатының жай-күйі мен даму үрдістеріне тоқталды. Бүгінде облыс бойынша 3877 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, бос орындар үлесі – 3,5%. Мемлекеттік қызметшілердің 92,3%-ы жоғары білімді, олардың арасында «Болашақ» бағдарламасының 5 және Мемлекеттік басқару академиясының 21 түлегі бар. Әйелдердің үлесі – 57,5%.

Жиында ведомстволық бағынысты ұйымдарды Бірыңғай кадрлық жүйеге көшіру жұмыстары жайында да айтылды. Бүгінгі таңда 19 мекеме жаңа жүйеге енгізіліп, 2966 қызметкердің деректері цифрлық форматқа көшірілген. Жыл соңына дейін тағы 67 мекеме қосылады деп күтілуде. Мемлекеттік қызметке дарынды түлектерді тарту бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде. GPA көрсеткіші жоғары түлектерді тікелей қабылдау арқылы 2023 жылдан бері 43 жас маман аудандық, ауылдық деңгейдегі лауазымдарға орналасты.

Айбек Шілманов баяндамасында әдеп нормалары мен жемқорлықтың алдын алу шараларын да айтып өтті. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында әдеп нормаларын бұзу фактілері өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 6 дерек тіркелді. Сонымен қатар, биыл жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде Шалқар, Ақтөбе қаласында бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

С докладом о текущем состоянии госслужбы выступил руководитель департамента Агентства по делам государственной службы по Актюбинской области Айбек Шилманов. Он рассказал о ситуации в кадровой политике региона и тенденциях ее развития.

На сегодняшний день в области работают 3877 государственных служащих, уровень вакантных должностей составляет 3,5%. 92,3% госслужащих имеют высшее образование, среди них – 5 выпускников программы «Болашак» и 21 выпускник Академии государственного управления. Доля женщин составляет 57,5%. Было также отмечено, что ведется работа по переводу подведомственных организаций в Единую кадровую систему. На сегодня подключены 19 учреждений, данные 2966 сотрудников оцифрованы. До конца года планируется подключение еще 67 организаций. Для привлечения талантливых выпускников в систему государственной службы реализуются конкретные меры. С 2023 года по прямому приему молодых специалистов с высоким GPA на районные и сельские должности трудоустроены 43 человека.

В своем выступлении Айбек Шилманов затронул и вопросы соблюдения этических норм, а также предупреждения коррупции. За первый квартал 2025 года зафиксировано 6 случаев нарушения норм этики, что в три раза больше, чем за аналогичный период прошлого года. Кроме того, в отношении 8 сотрудников местных исполнительных органов возбуждены уголовные дела, в том числе в Шалкаре и городе Актобе.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 08:50
Рубрика: Новости
Категория: Актобе