В Шалкарском районе трудоустроено более 1300 школьников

Шалқар ауданында 1300-ден астам оқушы еңбекпен қамтылды

Биылғы жазғы демалыс кезеңінде Шалқар ауданында балалардың сауықтырылуы, тиімді демалысы және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынуда.

Аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының базасында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен еңбекпен қамту демалысы ұйымдастырылды. Аталған жобаға қазіргі таңда 1301 оқушы тартылған. Жасөспірімдер мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту, тазалық жұмыстары секілді бағыттарда еңбек етіп, жазғы уақытын пайдалы өткізіп келеді. Сонымен қатар, балалар үшін мәдени, танымдық және спорттық шаралар да ұйымдастырылуда.

Бұл бастама оқушылардың еңбекке деген құлшынысын арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға, патриоттық және экологиялық тәрбие беруге бағытталған. ***

В Шалкарском районе трудоустроено более 1300 школьников

В летний период текущего года в Шалкарском районе реализуются масштабные мероприятия, направленные на оздоровление детей, организацию их досуга и продуктивное использование свободного времени.

На базе образовательных учреждений района организована трудовая занятость для учащихся 8–10 классов. В рамках этого проекта на сегодняшний день трудоустроен 1301 школьник. Подростки занимаются озеленением школьных дворов, благоустройством и уборкой территорий, проводя летние дни с пользой. Кроме того, для них организуются культурные, познавательные и спортивные мероприятия.

Данная инициатива направлена не только на развитие у школьников интереса к труду, но и на формирование социальной ответственности, патриотического воспитания и экологической культуры.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с интернета

Опубликовано:
Время: 13:50
Рубрика: Новости
Категория: Актобе