Этим летом в Актобе проводится комплексное благоустройство дворов 158 многоквартирных домов

Ақтөбеде биыл жазда көпқабатты 158 үйдің ауласына кешенді абаттандыру жүргізілуде

Облыс әкімі Асхат Шахаров кешенді абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қала басшысы Азамат Бекеттің сөзінше, аулаларға тротуар, асфальт астына геосетка және үстіне асфальт жабындысы төселуде, жиектастар, суағарлар, жарықтандыру орнатылуда, орындықтар, урналар қойылып жатыр. Ақтөбе әкімдігі тұрғындармен ақылдаса отырып, бірқатар аулаға автотұрақ, енді біріне спорт және балалардың ойын алаңдарын орнатуда.

Кешенді абаттандыру келесі жылы тағы да басқа 100 аулада жалғасады.

«Қауіпсіздік мәселесі — басты назарда болу керек. Егер аулада жағдай жасасақ, бұл ауланың балалары басқаларға барып ойнамайды. Ата-ана да алаңдамайды»,

— деп атап өтті өңір басшысы. «Еңбек» ЖШС міндетіндегі құрылыс жұмыстарын көрген Асхат Шахаров ауладағы тұрғындармен әңгімелесіп, Мүлік иелері бірлестігінің басшысына аулаға ағаштар отырғызып, көгалдандыру ісін қолға алу керектігін айтты.

Этим летом в Актобе проводится комплексное благоустройство дворов 158 многоквартирных домов

Аким области Асхат Шахаров ознакомился с ходом комплексных работ по благоустройству.

По словам акима города Азамата Бекета, во дворах укладываются тротуары, геосетка под асфальт и асфальтовое покрытие, устанавливаются бордюры, ливневая канализация, освещение, лавочки и урны. Акимат Актобе, посоветовавшись с жителями, обустраивает в ряде дворов автопарковки, а в других — спортивные и детские игровые площадки.

Комплексное благоустройство будет продолжено в следующем году еще в 100 дворах.

«Вопрос безопасности должен быть на первом месте. Если создать условия во дворе, дети из этого двора не будут ходить играть в другие. И родители тоже будут спокойны»,

— отметил глава региона. Осмотрев ход строительных работ, которые выполняет ТОО «Еңбек», Асхат Шахаров пообщался с жителями двора и поручил руководителю Объединения собственников имущества заняться озеленением и посадкой деревьев во дворе.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 08:48
Рубрика: Новости
Категория: Актобе