Мал ұрлығына күдікті ауыл тұрғыны ұсталды
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері өз ауылдасының сиырларын ұрлады деген күдікпен Мәртөк ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Тергеп-тексеру барысында 26 жастағы ер адам ауыл кәсіпкерінің сирек тұқымды екі мүйізді ірі қарасын ауылға жақын жерде жайылып жүрген жерінен жасырын айдап әкеткені анықталды.
Ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады. Күдікті жігіттің айтуынша, ол ұрлаған жануарларды үйіне әкеліп сойып, етін қалаға өткізген. Мал иесі өзіне келтірілген шығынды бір миллион теңгеге бағалады.
Күдіктіден ұрланған жануарлардың терісі тәркіленді. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ауыл тұрғыны мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын айырылуға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.
🎙️Полиция департаменті мал иелерін қырағы болу, ұрлықтан сақтану шараларын қабылдау және осындай дерек орын алған жағдайда дереу полицияға хабарлау туралы ескертеді.
Сельчанин был задержан за скотокрадство
В результате оперативно-розыскных мероприятий сотрудники полиции установили и задержали жителя Мартукского района, подозреваемого в краже скота у своего односельчанина.
В ходе следствия выяснилось, что 26-летний мужчина тайно похитил двух телок редкой породы, с вольного выпаса, расположенного недалеко от села. Животные принадлежали местному сельскому предпринимателю.
Задержанный признал свою вину. По его словам, он пригнал животных домой, забил их, а затем реализовал мясо в городе. Владелец скота оценил нанесённый ему ущерб в один миллион тенге.
В ходе следственных действий у подозреваемого были изъяты шкуры похищенных животных. По факту кражи скота возбуждено уголовное дело, ведется досудебное расследование. Подозреваемому грозит наказание до пяти лет лишения свободы с конфискацией имущества.
Департамент полиции призывает владельцев скота быть бдительными, принимать меры по недопущению краж животных и оперативно информировать полицию в случае подобных фактов.
Источник: https://www.instagram.com/p/DMIABpZMmjH/
Фото: с интернета