Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ. Елеуовтің төрағалығымен төтенше жағдайларды жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Онда тартылған мемлекеттік органдарға, сондай-ақ облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне нақты міндеттер жүктелді. Облыстың іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Дабыл–1001» және «Керуен–2002» сигналдары бойынша барлық тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайға дайындық режиміне келтірілді.
Шымкент қаласында апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ақтөбе облысынан 470 адам мен 65 техника бірлігі жұмылдырылды. Бұл құрам республикалық және өңірлік деңгейдегі төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған жоспарға сәйкес құрылды. Күштер мен құралдарды жеткізу теміржол және автомобиль көлігі арқылы аралас әдіспен жүзеге асырылды. Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық міндеттер толық көлемде іске асырылды.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары Ғ. Елеуовтің төрағалығымен «Жер–2025» оқу-жаттығуының нәтижелерін талқылауға арналған қорытынды жиналыс өтті. Жиын барысында қатысушылардың іс-қимылдары мен үйлестіру деңгейі бағаланып, болашақта жетілдіруді қажет ететін бағыттар анықталды. ***
Под председательством заместителя акима Актюбинской области Г. Елеуова состоялось внеплановое заседание комиссии по ликвидации чрезвычайных ситуаций. В ходе заседания перед привлечёнными государственными органами и областными службами гражданской защиты были поставлены конкретные задачи. В соответствии с планом мероприятий области, по сигналам «Дабыл–1001» и «Керуен–2002» все соответствующие центральные и местные исполнительные органы были приведены в режим готовности к чрезвычайной ситуации.
Для проведения аварийно-спасательных и неотложных работ в городе Шымкент из Актюбинской области были направлены 470 человек и 65 единиц техники. Этот состав был сформирован в соответствии с планом действий при чрезвычайных ситуациях республиканского и регионального уровней. Переброска сил и средств осуществлялась комбинированным способом — железнодорожным и автомобильным транспортом. Все поставленные задачи в ходе учения были выполнены в полном объёме.
По завершении учения под председательством заместителя акима области Г. Елеуова состоялось итоговое совещание по обсуждению результатов «Жер–2025». В ходе заседания была дана оценка действиям участников и уровню их взаимодействия, а также определены направления, требующие дальнейшего совершенствования.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма