Ақтөбе облысында шалғай ауылға көгілдір отын берілді Ырғыз ауданындағы Жарма ауылының тұрғындары бұл күнді асыға күтті. 52 түтін, 336 тұрғын тұратын ауылда енді табиғи газ бар.
Тарихы жарты ғасырдан асатын Жарма ауылы Ырғыз ауданының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан. Қыста көмір тасып, отын жағып келген елдімекен тұрғындары күні кеше газ құбырының салтанатты түрде іске қосылу шарасының куәсі болды. Жармалықтардың қуанышымен аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев бөлісті. Ақсақалдар баталарын беріп, әжелер тәттіден шашу шашты.
В отдалённое село Актюбинской области проведён природный газ Жители села Жарма Иргизского района с нетерпением ждали этого события. В село, где проживает 52 семьи, или 336 человек, провели голубое топливо.
Село Жарма, история которого насчитывает более полувека, расположено в 45 километрах от районного центра Иргиза. Зимой сельчане были вынуждены привозить уголь и заготавливать дрова. На днях жарминцы стали свидетелями торжественного запуска газопровода. Разделить радость жителей прибыли аким района Нурлан Кызбергенов и глава областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Арысулан Айтбаев. Старейшины благословили это событие, бабушки раздали традиционное «шашу».
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма