Абайдың 180 жылдығы: Ұлы ақынның есімін ұлықтаған Ақтөбе жұрты Ұлы ойшыл, қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысында қызықты деректер жарияланды. Абайдың есімі мен туыстарының атына қатысты жүргізілген есеп бойынша, облыста 3287 адам Абай және оның жақындары – Зере, Ұлжан, Ділдә, Әйгерім, Тоғжан сынды тұлғалардың есімдерін иеленген екен. Атап айтқанда, ең көп таралғаны – Әйгерім есімі, оны бүгінде 1539 нәзік жан иеленген. Сонымен қатар, Абай есімімен 640 адам, ал Тоғжан есімімен 279 жан тіркелген. Халық данасының әжесі Зеренің аты 394 адамға, анасы Ұлжанның есімі 378 тұрғынға қойылған. Ақтөбе қаласында ғана 1316 адам Абай мен оның туыстарының атын алып жүр. Ерекше атап өтетін жайт, өңірде Абай Құнанбайұлы есімді 5 тұрады. Облыс аумағында Алға, Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарында да ақын мен оның жақындарының есімдері жиі кездеседі. Бұл көрсеткіштер – ұрпақтың Абай мұрасына деген шынайы құрметінің айқын дәлелі.
180-летие Абая: как жители Актюбинской области чтят великого поэта В честь 180-летия со дня рождения великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева в Актюбинской области были опубликованы интересные статистические данные. Согласно анализу, в регионе насчитывается 3287 человек, носящих имена Абая и его близких родственников — Зере, Улжан, Дильда, Айгерим, Тогжан и других. Так, в регионе проживают 5 Абаев Кунанбаевых. Самым популярным оказалось имя Айгерим — его носят 1539 женщин. Имя Абай носят 640 человек,, Тогжан — 279, а имя бабушки Абая, Зере — 394 человека, его матери, Улжан — 378. Только в самом городе Актобе проживает 1316 человек, носящих имена Абая и членов его семьи. Эти имена также широко распространены в районах — Алгинском, Мугалжарском, Темирском и Шалкарском. Такая статистика свидетельствует о глубоком уважении и почтении, которое потомки питают к наследию великого поэта.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма