Касым-Жомарт Токаев наградил победителей и призеров международных олимпиад

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Іс-шараға 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері шақырылды. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.

Президент жастарды, ең алдымен, білім әлеміндегі жеңістерімен құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді. Олардың халықаралық беделді білім сайыстарында топ жарып, Қазақстанның атын әлемге паш етуін зор жетістік ретінде бағалады. Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Касым-Жомарт Токаев наградил победителей и призеров международных олимпиад

В резиденции Акорда состоялась встреча Президента Касым-Жомарта Токаева со школьниками – победителями и призерами международных предметных олимпиад.

На мероприятие были приглашены 24 лауреата, в числе которых 4 обладателя золотых, 11 – серебряных и 9 – бронзовых медалей, завоеванных в таких дисциплинах, как химия, математика, физика, география, информатика и биология.

Обращаясь к юным талантам, Президент поздравил их с успехами в сфере знаний и выразил им искреннюю признательность. По его словам, триумф на престижных международных интеллектуальных соревнованиях и прославление Казахстана на мировой арене является выдающимся достижением. Глава государства вручил обладателям золотых, серебряных и бронзовых медалей сертификаты на денежные премии в размере соответственно 1500, 1000 и 500 месячных расчетных показателей.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:32
Рубрика: Новости
Категория: Казахстан