Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов интернет-алаяқтықпен күрес шаралары туралы баяндады. Оның мәліметінше, жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 626 дерегі тіркелген. Мұндай қылмыстар санының өсуіне қарамастан, ашу деңгейі жоғары – шамамен 75%.
«Киберқылмыстардың басты қиындығы – олардың жасырын түрде жасалуы және тез таралуы. Дегенмен біз заманауи мониторинг және талдау жүйелерін белсенді қолданамыз, бұл қылмыстық әрекеттерді жедел анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді. Профилактиканың маңызды құралы ретінде WhatsApp-тағы «STOP-алаяқтық» арнамыз, бейнероликтер және еңбек ұжымдарымен, студенттермен кездесулер өткізу болып табылады. Біз азаматтардың хабардарлығын арттырып, алаяқтық схемалардан сақтандыруға күш саламыз»,
– деді Ардана Саймағамбетов.
Заместитель начальника Департамента полиции Ардана Саймагамбетов рассказал о мерах по борьбе с интернет-мошенничеством. Он представил данные, согласно которым с начала года в области зарегистрировано 626 случаев мошенничества в сети. Несмотря на рост количества таких преступлений, раскрываемость остается высокой – около 75%.
«Основная сложность киберпреступлений заключается в их скрытности и быстром распространении. Однако мы активно используем современные системы мониторинга и аналитики, что позволяет оперативно выявлять и пресекать преступные действия. Важным инструментом профилактики становится просветительская работа через наш WhatsApp-канал «STOP-мошенничество», видеоролики и встречи с трудовыми и студенческими коллективами. Мы стремимся повысить осведомленность граждан и помочь им избежать мошеннических схем»,
— отметил Ардана Саймагамбетов.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма