“Балалар үні” – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шабыттандыратын ашық диалог! Бүгін, 27 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицей қабырғасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» тақырыбында мазмұнды әрі жарқын іс-шара өтті. Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Мақсаты – балалар бастамаларын қолдау, дамыту және қоғам назарын олардың әл-ауқатына аудару.
Күннің басты оқиғасына айналған ашық диалог алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Б.Б. Күзембаева дарынды, белсенді оқушылармен – олимпиада, байқау жеңімпаздары және жетістікке жеткен балалармен еркін әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Латып Әліби қатысып, ашық пікір алмасу идеясына қолдау білдіріп, балалардың білімге деген құштарлығы мен өмірлік белсенді ұстанымына алғысын білдірді.
Мектеп ауласында мерекелік көңіл-күй айқын сезілді: кішкентай суретшілер мейірім мен үмітке толы армандарын бейнелеп, өз көзқарастарын шығармашылық арқылы көрсетті. Қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған — оқушылардың инженерлік ойлау мен шығармашылығын көрсететін макеттер көрмесі болды.
Мектеп фойесінде дарынды оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен жаңалықтарын, зерттеу жұмыстары мен тың идеяларын көпшілікке таныстырды. Олардың ынтасы, сенімділігі мен терең білімі іс-шараның айрықша көркіне айналып, келген қонақтарға үлкен әсер қалдырды.
Мұндай кездесулер балалар бастамаларына қолдау көрсетудің маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар әр баланың естілуге, түсінілуге және мойындалуға құқылы екенін дәлелдейді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға мерекеге арналған естелік сертификаттар мен сыйлықтар табысталды – бұл оларға деген құрмет пен болашағына сенімнің нышаны болды.
“Голос детей” – вдохновляющий открытый диалог ко Дню защиты детей! Сегодня, 27 мая, в стенах школы-лицея им. К. Сатпаева города Актобе состоялось яркое и содержательное мероприятие – тематическая встреча «Благополучие ребёнка — забота государства», посвящённая Международному дню защиты детей. Мероприятие было организовано областным управлением образования и направлено на поддержку и развитие детских инициатив, а также привлечение внимания общества к вопросам детского благополучия.
Центральным событием дня стал открытый диалог, который провела руководитель областного управления образования Б.Б. Кузембаева с талантливыми и активными школьниками – победителями олимпиад, конкурсов, а также детьми, добившимися значительных успехов в учёбе и общественной жизни. В мероприятии также принял участие руководитель городского отдела образования Латып Алиби, поддержавший идею открытого общения и выразивший признательность детям за их стремление к знаниям и активную жизненную позицию.
Атмосфера праздника ощущалась с самого порога школы: на открытой площадке юные художники выразили своё видение мира через рисунки, наполненные добротой, надеждой и мечтами. Внимание гостей привлекла выставка оригинальных макетов, демонстрирующих инженерную смекалку и творческий подход учащихся.
В фойе школы всех встречали одарённые школьники с демонстрацией своих научных открытий, исследовательских проектов и инновационных идей. Их увлечённость, уверенность и глубокие знания стали настоящим украшением мероприятия и вдохновили гостей.
Проведение подобных встреч не только подчёркивает важность поддержки детских инициатив, но и служит подтверждением того, что каждый ребёнок имеет право быть услышанным, понятым и признанным.
В торжественной обстановке всем участникам были вручены памятные сертификаты и праздничные подарки – как символ внимания, уважения и веры в их светлое будущее.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма