В девяти районах области проводится химическая обработка против саранчи

Облыстың тоғыз ауданында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілуде

Облыс әкімі төрағалық еткен жиында шегірткенің таралуына байланысты қазіргі жағдай мен әрекет ету шаралары қаралды.  

Өңір басшысы Асхат Шахаров фитосанитарлық мониторингті күшейтуді, көршілес өңірлермен жедел ақпарат алмасуды жолға қойып, қорғау шараларын уақытылы жүргізуді тапсырды. Ол шегіртке ошақтарын алдын ала анықтау, аудандық әкімдіктер, жауапты мемлекеттік мекемелер мен мердігер ұйымдардың үйлестірілген іс-қимылы маңызды екенін атап өтті. Ол химиялық өңдеу жұмыстарының барысына тұрақты бақылау жүргізіп, зиянкестердің егістік алқаптарына таралуына жол бермеуді тапсырды.  

«Біз шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуіміз қажет. Ең бастысы – шегірткенің егістік алқаптарына өтуіне жол бермей, өнімді қорғау. Аудан әкімдіктері жағдайды бақылауда ұстап, анықталған ошақтар, жүргізілген өңдеу жұмыстары мен кез келген ахуал туралы жедел түрде хабарлап отыруы тиіс»,– деді өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста үйірлі шегірткеге қарсы 513 мың гектар, сондай-ақ саяқ шегірткелерге қарсы 87 906 гектар жерді өңдеу жоспарланған. Саяқ шегірткелермен күреске облыстық бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Аталған қызметтерді көрсету үшін «Ақтөбе-Құнарлылық» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.   Бүгінде химиялық өңдеу Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Мәртөк, Темір, Байғанин, Ойыл және Шалқар аудандарында жүргізілуде.  

Химиялық өңдеулерге аэрозоль генераторларымен жабдықталған 11 арнайы техника, 55 дана жер үсті бүріккіштер және 6 дана АН-2 ұшақ жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары қолайлы ауа райы жағдайында таңертеңгі және кешкі уақыттарда жүргізілуде. Техника өңдеу учаскелеріне уақытылы жеткізіліп, ошақтарды анықтау мен өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

В девяти районах области проводится химическая обработка против саранчи

Текущую ситуацию с распространением саранчи и меры реагирования рассмотрели на совещании под председательством акима области.  

Глава региона Асхат Шахаров поручил усилить фитосанитарный мониторинг, наладить оперативный обмен информацией с соседними регионами и обеспечить своевременное проведение защитных мероприятий. Он особо подчеркнул важность заблаговременной диагностики очагов и скоординированных действий районных акиматов, ответственных государственных учреждений и подрядных организаций. Он поручил обеспечить постоянный контроль за ходом химобработок, не допуская распространения вредителей на посевные площади.

«Нам необходимо действовать быстро и слаженно. Главное, не допустить перехода саранчи на наши поля и обеспечить защиту урожая. Районные акиматы должны держать ситуацию под контролем и сообщать о выявленных очагах заражения, ходе проведенных обработок и любых изменениях в ситуации в оперативном режиме,— поручил глава региона.

По информации управления сельского хозяйства, в этом году в области запланирована обработка 513 тысяч гектаров против стадной саранчи, а также 87 906 гектаров – против нестадных саранчовых. На борьбу с нестадными саранчовыми из областного бюджета выделено 450 млн тенге. На оказание этих услуг заключен договор с подрядной организацией ТОО «Актобе-Кунарлылык».   На сегодняшний день химобработка проводится в Алгинском, Айтекебийском, Темирском, Байганинском, Иргизском, Кобдинском, Мартукском, Уилском и Шалкарском районах.  

Для проведения химических обработок задействовано 11 единиц специализированной техники, оснащенной аэрозольными генераторами (ГАРД), 55 единиц наземной опрыскивающей техники и 6 самолетов АН-2.  Обработка проводится в утренние и вечерние часы при благоприятных погодных условиях. Техника доставляется на участки своевременно, мероприятия по выявлению очагов и их обработке продолжаются.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 08:50
Рубрика: Новости
Категория: Актобе