Хромтау қаласында жасөспірімдердің қатысуымен болған оқиға полицияда тіркелді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаға қатысқан әрбір тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Материалдар әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданып үш жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.
Бұл олардың мінез-құлқына қатысты полиция тарапынан тұрақты бақылау орнатылғанын білдіреді. Сонымен қатар, оқу орындары, әлеуметтік қызметтер мен психологтар да профилактикалық шараларға тартылған.
Аталған жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тергеу барысы Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Біз ата-аналар мен педагогтерді жасөспірімдер ортасындағы жанжалдарға дер кезінде назар аударып, олардың агрессивті әрекеттерге ұласуына жол бермеуге шақырамыз.
Инцидент с участием подростков, произошедший в Хромтау, зарегистрирован в полиции.
По данному факту возбуждено уголовное дело. В рамках досудебного расследования будет дана правовая оценка действиям каждого участника инцидента.
Материалы также направлены в комиссию по делам несовершеннолетних при акимате.
Решением комиссии трое подростков поставлены на профилактический учёт.
Постановка на профилактический учёт означает, что за подростками установлен усиленный контроль со стороны полиции, подключены школа, социальные службы и психологи.
Их родители привлечены к административной ответственности за ненадлежащее исполнение обязанностей по воспитанию детей.
Ход расследования на особом контроле начальника ДП.
Мы призываем родителей и педагогов своевременно реагировать на конфликты в подростковой среде и не допускать их перерастания в агрессивные действия.
Источник: https://www.instagram.com/p/DKbtHCdslRm/
Фото: с интернета