Ақтөбе облысында жалған блогер азаматтарды алдаған
Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданды.
Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматтың ақшалай қаражатын алдау арқылы иемденгені анықталды. Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді “жеңіп беруді” уәде еткен.
Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын он миллион теңгеден асты.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.
В Актюбинской области псевдоблогер обманывал граждан
В Мугалжарский отдел полиции обратились несколько местных жителей с заявлениями о мошенничестве.
В ходе проверки установлено, что в конце 2024 года 35-летний житель районного центра, выдававший себя за блогера, обманным путём завладел денежными средствами четырёх граждан. Злоумышленник обещал одному из потерпевших содействие в трудоустройстве в детский сад, другому — помощь в получении водительских прав, а также “выигрыш” тендера.
Общий ущерб, причинённый пострадавшим, превысил десять миллион тенге.
По данным фактам проводится досудебное расследование. Подозреваемый водворён в изолятор временного содержания.
Просим всех, кто мог пострадать от действий данного лица, обратиться в Мугалжарский отдел полиции.
Источник: https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/p/DKrq1raskN4/
Фото: с интернета