Облыстық білім басқармасы 10 мемлекеттік органмен бірлесіп, арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Сонымен қатар, ведомствоаралық штаб құрылып, өткен жылдың тәжірибесіне сүйене отырып, нақты жұмыс алгоритмі жасалды. Лагерь қызметкерлерін даярлау, демалыс нысандарын қабылдау кестесі де алдын ала бекітілді.
Өңірде 1-10 сынып аралығындағы 174 959 оқушының жазғы кезеңде 291 497 қатысуы жоспарланған. Бұл бір баланың бірнеше бағыттағы шараларға қатысуы есебінен. Жалпы, жазғы демалыс кезеңінде 171 809 бала бір қызмет түрімен қамтылады. Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 228,1 млн теңге бөлінген. Облыста 7 (2 мемлекеттік, 5 жекеменшік) қала сыртындағы сауықтыру орталығы, 699 мектеп жанындағы лагерь (оның ішінде 305-і тамақпен қамтылған, 394-і бейінді лагерь), сондай-ақ 49 қосымша білім беру ұйымы жанындағы жазғы алаң жұмыс істеуде. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың 98%-ы жазғы демалыспен тегін толық қамтылады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы аясында биыл 395 ауыл баласы «Әсем», «Campit», «Шұғыла» лагерьлерінде демалады.
Жаз бойы тек тынығу емес, болашақ мамандықты тануға да көңіл бөлінуде. «SKILLS CAMP» жобасы аясында колледждер базасында 1500 оқушы кәсіптік бағытта білім алуда. Екінші кезеңінде тағы 1500 оқушы қамтылады. Балалардың танымын кеңейтуге бағытталған «ЭКО-ЖАЗ» және «MEDIALAB» жобалары да іске қосылды. Олар экологиялық білім мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Бүгінде 325 бала бұл жобалармен қамтылып отыр. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта облыста «ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛЫС» акциясы бастау алып, лагерлерде өрт қауіпсіздігі, жол жүру, судағы қауіпсіздік сынды бағыттарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе облысында балалардың жазғы демалысы жан-жақты, мазмұнды және қауіпсіз түрде ұйымдастырылуда. Басымдық – балалардың уақытын тиімді өткізу, шығармашылық, танымдық және әлеуметтік әлеуетін дамыту. Білім басқармасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, барлық балаларға қолжетімді әрі сапалы демалыс ұйымдастыруды басты мақсат ретінде айқындап отыр.
Управление образования области утвердило специальный план мероприятий совместно с 10 государственными органами. Также создан межведомственный штаб, разработан конкретный алгоритм работы на основе опыта прошлого года. Заблаговременно утверждены графики подготовки персонала лагерей и приемки объектов отдыха.
В регионе планируется проведение 291 497 мероприятий с охватом 174 959 учащихся с 1 по 10 классы. Один ребенок может принять участие в нескольких направлениях. В целом, один вид услуг охватит 171 809 детей. Из местного бюджета на эти цели выделено 228,1 млн тенге. В области функционируют 7 загородных оздоровительных лагерей (2 государственных и 5 частных), 699 пришкольных лагерей (305 с питанием, 394 профильных), а также 49 летних площадок при учреждениях дополнительного образования. 98% детей из числа сирот, оставшихся без попечения родителей, из малообеспеченных и многодетных семей будут обеспечены бесплатным летним отдыхом. В рамках социального проекта «Летняя путевка», реализуемого при поддержке фонда «Қазақстан халқына», 395 сельских детей отдохнут в лагерях «Әсем», «Campit» и «Шұғыла».
Летний отдых включает не только развлечения, но и профессиональную ориентацию. В рамках проекта «SKILLS CAMP» 1500 школьников проходят обучение на базе колледжей. Во втором этапе будут охвачены еще 1500 учащихся. Также запущены проекты «ЭКО-ЛЕТО» и «MEDIALAB», направленные на развитие экологической грамотности и критического мышления. На сегодняшний день в этих проектах участвуют 325 детей. Обеспечение безопасности детей в период летнего отдыха – одна из главных задач. С этой целью в области стартовала акция «БЕЗОПАСНЫЙ ОТДЫХ», в рамках которой в лагерях проводятся разъяснительные мероприятия по пожарной безопасности, правилам дорожного движения и поведению на воде.
В Актюбинской области летний отдых детей организован всесторонне, содержательно и безопасно. Приоритетом является эффективное проведение времени, развитие творческого, познавательного и социального потенциала детей. Управление образования системно продолжает работу в этом направлении, ставя основной целью обеспечение доступного и качественного отдыха для всех детей.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма