«Таза Қазақстан» акциясы: арнайы техника көмегімен ағаштар отырғызу жалғасуда Ақтөбе облысында табиғатты қорғау және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Таза Қазақстан» акциясы аясында орман қорында өсірілген ересек ағаштарды елді мекен аумақтарына отырғызу жұмыстарын қолға алды.
Аталған экологиялық шара Ақтөбе қаласы мен Мәртөк ауданы аумағында жүзеге асырылуда. Жұмыстар заманауи арнайы техниканың көмегімен жүргізіліп отыр. Бұл техника ағаштарды тамырымен қазып алып, оларды басқа жерге қайта отырғызуға мүмкіндік береді. Әдіс ағаштардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдетіп, жерсіну деңгейін айтарлықтай арттырады. Қазіргі таңда әртүрлі бұталар, қарағай, шаған және қарағаш тұқымдас 200-ден астам ересек ағаш қайта отырғызылды.
Экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге арналған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.
Акция «Таза Қазақстан»: продолжается высадка деревьев с помощью специальной техники В целях охраны природы и улучшения экологической обстановки в Актюбинской области коммунальное государственное учреждение «Актюбинское лесное и охотничье хозяйство» приступило к высадке взрослых деревьев, выращенных в лесном фонде, на территории населенных пунктов в рамках акции «Таза Қазақстан».
Экологическая инициатива реализуется на территории города Актобе и Мартукского района. Работы проводятся с применением современной специализированной техники. Эта техника позволяет извлекать деревья с корневой системой и пересаживать их на новое место, что значительно облегчает процесс адаптации и повышает уровень приживаемости растений. На сегодняшний день пересажено более 200 деревьев, в том числе различных кустарников, сосны, ясеня и вяза.
Инициатива, направленная на повышение экологической культуры и развитие ответственного отношения к природе, будет продолжена и в дальнейшем.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма