Қала әкімі Азамат Бекет Ақтөбеде жол жөндеу бойынша жүзеге асырылған жобаларды тілге тиек етті. Ал «Агрофирма Көквест» ЖШС учаске бастығы Жақсылық Өтебаев аталған учаске бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның сөзінше, биыл «Агрофирма Көквест» ЖШС Хромтауға кіріп-шығатын трасса, Көктем т/а – Бөкенбаев көшесі, Жібек т/а – Биекенов көшесі, содан кейін №55 орта мектептің кіреберіс жолдарын жөндейді. Сонымен қатар, Бөкенбаевтың бойындағы Жайық көшесі де бар. Оның бірінші қабатын салып қойған, енді екінші қабатын төсейді.
«Біз қазір Ақтөбеге баратын бағыттың бәрін фрезерлеп, 60 мың шаршы метр жерге асфальт төсеп тастадық. Қалаға қарай бағытталған жолдың қалың қабатын төсейміз. Кейін қайта айналып келіп, үстіңгі қабатын саламыз. Бір жағын бітірген соң, екінші жағын бастаймыз. Бару және қайту жолының ұзындығы 21 600 метрді құрайды. Сондай-ақ, бүгінгі күні қаладан шығаберіс бағытта фрезерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың қарқыны жақсы, жаңбыр тоқтаған соң, асфальт төсеуге де кірісеміз»,
— деді Жақсылық Өтебаев. Облыс әкімі «Ақтөбе-Хромтау-Ақтөбе» бағытына қатысты тұрғындар шағымы көп екенін атап өтті. Мердігер компания жол сапасына қатысты азаматтардың талап-тілегін ескеру керек. Сонымен қоса, жұмыстарды жоспарға сәйкес аяқтаған жөн. Сонымен қатар, өңір басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Ясный-2» т/а учаскелерді аралап, мердігерлермен, инженерлік-техникалық қызметкерлермен тілдесті. Жол құрылысы барысында қолданылатын материал сапасы мен қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмады. Учаске басшысы Вадим Конешенконың айтуынша, «Ассана ДорСтрой» ЖШС «Ясный-2» т/а 15 көшеге жол салып жатыр. Төселетін жолдардың жалпы ұзындығы – 9,5 шақырым. Атап өтерлігі, бұл жерде бұрын ешқашан жол болмаған. Жоба аясында көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жолдарды абаттандыру да қарастырылған.
«Жобаның жалпы құны – 1,4 миллиард теңге. Соның 500 миллионынан астамы бүгінгі күнге дейін игерілді. 305 көше шамы орнатылады, 7,5 шақырымдық жауын-шашын суы өтетін арық, велосипед жолақтары салынады. Біз тұрғындармен ақылдасып, қалай ыңғайлы болатынын бірге шешіп жатырмыз. Жай ғана жасап тастау емес, тұрғындарға қолайлы болуын көздейміз. Біздің құрамда 41 адам жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 13-і – инженерлік-техникалық қызметкерлер. Инженерлер тұрғындардың өмірін жақсарту үшін бар күшін салып жұмыс істеуде. Ең бастысы – тұрғындардан еңбегімізге құрметпен қарауды сұраймын. Кейде қазықтарды ұрлап, бордюрлерді сындырып кететіндер бар. Биылғы жылы жұмыстарды аяқтаймыз, жоспар бойынша – қыркүйек айы. Кепілдік мерзімі – 7 жыл»,
– деді «Ясный-2» нысанының учаске бастығы Вадим Конешенко.
Аким города Азамат Бекет рассказал о реализуемых дорожных проектах в Актобе, а начальник участка ТОО «Агрофирма Көквест» Жаксылык Утебаев доложил о ходе работ. По его словам, в этом году компания отремонтирует трассу на выезде и въезде в Хромтау, улицу Букенбаева в массиве Коктем, улицу Биекенова в массиве Жибек, подъезд к средней школе №55, а также улицу Жайык примыкающую к улице Бокенбаева. Первый слой асфальта уже уложен, предстоит укладка второго.
«Мы уже провели фрезеровку дорожного покрытия на участке в направлении Актобе и уложили асфальт на площади 60 тысяч квадратных метров. Сейчас укладываем основной слой дорожного полотна в сторону города, после чего вернемся и уложим верхний слой. Закончив одну сторону, приступим ко второй. Общая протяженность дороги в обе стороны составила 21 600 метров. В настоящее время проводим фрезеровку на выезде из города. Темпы хорошие, как только прекратятся дожди, начнем укладку асфальта»,
— сообщил Жаксылык Утебаев.
Аким области отметил, что по дороге направлением «Актобе-Хромтау-Актобе» поступает много жалоб от населения. Подрядчику необходимо учитывать требования и пожелания граждан в отношении качества работ. Кроме того, важно завершить их в соответствии с графиком. Также глава региона осмотрел ремонт дороги в Ясном-2, где провел беседу с подрядчиками и инженерно-техническими специалистами. Особое внимание было уделено качеству использунмых строительных материалов и соблюдению требований безопасности. Как сообщил начальник участка Вадим Конешенко, ТОО «Ассана ДорСтрой» строит дороги на 15 улицах жилого массива Ясный-2. Общая протяженность новых дорог составляет 9,5 километра. Ранее дорог в этом массиве вообще не было. Проект предусматривает также обустройство пешеходных зон по краям улиц.
«Общая стоимость проекта — 1,4 миллиарда тенге, из них уже освоено более 500 миллионов. Будет установлено 305 уличных фонарей, построены 7,5 километра ливневых каналов, велодорожки. Мы консультируемся с жителями, чтобы сделать все максимально удобно. Важно не просто сделать, а создать комфортные условия для людей. В нашей команде работает 41 человек, из них 13 — инженерно-технический персонал. Инженеры прилагают все усилия для улучшения качества жизни горожан. Главное — чтобы жители уважительно относились к нашему труду. К сожалению, иногда случаются кражи колышков и порча бордюров. Мы планируем завершить все работы в этом году, по графику у нас сдача объекта в сентябре. Гарантийный срок — 7 лет»,
— сообщил Вадим Конешенко.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма