Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін қала күнімен құттықтады
Өңір басшысы Асхат Шахаров қаланың құрметті тұрғындары 89 жастағы Бақтыбай Өтемісов пен 94 жасқа келген Юрий Яковлевич Малышкинді мерекемен құттықтап барды. Балалық кезеңдері мен жастық шақтары ауыр әскери және соғыстан кейінгі жылдармен тұспа-тұс келген аға буын өкілдері аймақтың дамуына айтарлықтай өзіндік үлес қосты.
Бақтыбай Өтемісов 1936 жылы Ворошилов атындағы колхозда (қазіргі Мәртөк ауданы Полтавка ауылы) дүниеге келген. Соғыс жылдары ересек ер адамдар майданға аттанған кезде колхоздағы жұмыс әйелдер мен балалардың мойнына артылды.
«Ол кезде біз бала бола тұра, ересектермен тең жұмыс істедік: жер жырту, егін егу, шөп шабу және майданға азық-түлік жөнелту де бізге артылған жүк еді. Мен небәрі жеті жаста едім»,— деп еске алады Бақтыбай аға. Ол сұрапыл соғыс жылдары өткен өзінің балалық шағы мен тылдағы қиын өмірін, Жеңіске қосқан үлесі туралы айтып бөлісті. Асхат Шахаров ардагерге еткен еңбегі, өмірлік табандылығы мен патриотизмнің үлгісі үшін терең ризашылығын білдіріп, тағдыры туған өлкеміздің тарихымен етене байланысқан адамдар туралы есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Бақтыбай аға арнайы көңіл бөліп құттықтай келгені үшін алғысын білдіріп, туған қаласы мен оның тұрғындарына амандық, бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Үлкендік батасын берді.
Бұдан соң, облыс әкімі Юрий Яковлевич пен Галина Викторовнаға барды. Юрий Яковлевич Байкал сырт өлкесіне қарасты Могоча қаласында дүниеге келген. 1943 жылы оның теміржолшы әкесі қызметіне байланысты өзге 50 отбасымен бірге Ақтөбе облысының теміржол саласында жұмыс істеуге жіберілді. Осылайша Малышкиндер отбасы Қазақстанға көшіп келіп, өз тағдырын осы жермен мәңгілікке байланыстырды. Юрий Малышкин әкесінің ізін қуып, теміржол техникумында білім алды. Кейін Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді. Еңбек жолын «Сельмаш» зауытында бастады, кейін техникумда сабақ берді, № 13, 17 және 19 мектептерде еңбек мұғалімі болды. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады. Ұзақ жылдық еңбек өтілінде ардагер өнеркәсіп пен білім беруді дамытуға үлес қосып қана қоймай, жас ақтөбеліктер үшін тәлімгер болды. Жұбайы, еңбек ардагері Галина Викторовнамен бірге 50 жылдан астам уақыт бойы шаттықта өмір сүріп келеді.
Кездесу барысында облыс әкімі Асхат Шахаров Юрий Яковлевичке жанқиярлық еңбегі, өмірлік үлгісі және мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, қала тарихындағы осындай адамдардың үлесіне тоқталды
«Ақтөбенің туған күнінде біз қаланың іргетасын қалауға өзіндік үлес қосқан тұлғаларды ерекше құрметпен еске аламыз. Тыл еңбеккерлері ауыр жылдарға қарамастан аймақтың дамуына үлкен үлес қосты. Сіздер -төзімділіктің, еңбекқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің нағыз үлгісісіздер»,— деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Аким области поздравил тружеников тыла с Днем города
Глава региона Асхат Шахаров навестил 89-летнего Бактыбая Утемисова и 94-летнего Юрия Яковлевича Малышкина и поздравил с праздником уважаемых жителей. Представители старшего поколения, чье детство и юность пришлись на тяжелые военные и послевоенные годы, внесли значительный вклад в развитие региона.
Бактыбай Утемисов родился в 1936 году в колхозе имени Ворошилова (ныне село Полтавка Мартукского района). В годы войны, когда взрослые мужчины ушли на фронт, на плечи женщин и детей легла забота о колхозе.
«Мы, дети, тогда работали наравне со взрослыми: пахали, запрягали коров, сеяли, косили траву, отправляли продукты на фронт. Мне было тогда всего семь лет»,— вспоминает Бактыбай ага. Он рассказал акиму о трудном детстве, тяжелой жизни в тылу и самоотверженном труде, который стал вкладом в Победу. Асхат Шахаров выразил глубокую благодарность ветерану за его труд, жизненную стойкость и пример патриотизма, отметив важность сохранения памяти о людях, чья судьба неразрывно связана с историей нашего края. В завершение теплой встречи Бактыбай ага с душевной теплотой поблагодарил за внимание и произнес благословение – бата, пожелав благополучия, мира и процветания родному городу и его жителям.
После этого аким области навестил супругов Малышкиных – Юрия Яковлевича и Галину Викторовну. Юрий Яковлевич родом из Забайкальского края, города Могоча. В 1943 году его отца-железнодорожника вместе с семьей и еще 50 другими семьями направили в Актюбинскую область для работы на железной дороге. Так семья Малышкиных оказалась в Казахстане и навсегда связала свою судьбу с этой землей. Юрий Малышкин пошел по стопам отца — получил образование в железнодорожном техникуме, затем окончил Ташкентский институт инженеров железнодорожного транспорта. Трудовой путь начал на заводе «Сельмаш», после преподавал в техникуме и был учителем труда в школах № 13, 17 и 19. Общий трудовой стаж ветерана составляет более 60 лет. За десятилетия труда он не только внес вклад в развитие промышленности и образования, но и стал наставником для многих поколений актюбинцев. Вместе с супругой Галиной Викторовной — ветераном труда, прожили в согласии более 50 лет.
Во время встречи аким области Асхат Шахаров поблагодарил Юрия Яковлевича за самоотверженный труд, жизненный пример и верность профессии, подчеркнув важность таких людей в истории города.
«В день рождение Актобе мы с особым уважением вспоминаем тех, кто своим трудом закладывал фундамент города. Труженики тыла внесли огромный вклад в развитие региона, несмотря на тяжелые годы. Ваше поколение – настоящий пример стойкости, трудолюбия и любви к родной земле»,
— сказал аким области Асхат Шахаров.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма