Асхат Шахаров алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, барлық мемлекеттік орган жиналыстарында цифрлық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық уақыт енгізу, тұрғындар көп жиналатын жерлерге, әлеуметтік мекемелерге ақпараттық стендтер орнату, ақпараттық науқандарға танымал тұлғаларды тарту және ірі онлайн-қарыздарға шектеу қою бар.
Отырыста сондай-ақ қоғамдық орындарда, оның ішінде көшеде тіркелген және мас күйінде жасалатын қылмыстардың жай-күйіне талдау жасалды. Есепті кезеңде облыста оң динамика байқалады: көше қылмысы – 11,6%-ға, қоғамдық орындардағы қылмыс – 7,4%-ға, мас күйіндегі қылмыс – 2,1%-ға азайған. Қылмыстарды ашу деңгейі 5,4%-ға өскен. Дегенмен, қылмыс деңгейін одан әрі төмендету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін біршама шара ұсынылды. Олардың ішінде – алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясынан айырылған мекемелерге бақылауды күшейту, рұқсатсыз алкоголь өнімдерін сататын орындарды тексеру, тәуелді адамдарға медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, ойын-сауық орындарының жұмыс уақытын шектеу және олардың бейнебақылау камераларын полицияға қосу бар.
Алға, Мұғалжар және Хромтау аудандарына да назар аударылды. Аталған аудан әкімдері ауыр қылмыстар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, ал облыс әкімі жасөспірімдер қылмысының алдын алуды күшейтуді және азаматтық қоғамды белсенді тартуды тапсырды. *** Асхат Шахаров дал ряд поручений для усиления профилактики мошенничества. В частности, предлагается ввести профилактические минуты на всех совещаниях государственных органов с целью формирования культуры цифровой грамотности, установить информационные стенды в местах массового скопления людей и социальных учреждениях, привлечь известных личностей к информационным кампаниям, а также ввести ограничения на крупные онлайн-займы.
На заседании также был представлен анализ состояния преступности в общественных местах, в том числе на улице, а также преступлений, совершаемых в состоянии опьянения. За отчетный период по области отмечается положительная динамика: уличная преступность снизилась на 11,6%, преступления в общественных местах – на 7,4%, а преступления в состоянии алкогольного опьянения – на 2,1%. Раскрываемость дел возросла на 5,4%. Тем не менее, для дальнейшего снижения уровня преступности и повышения безопасности населения были предложены ряд мер. В их числе – усиление контроля за заведениями, лишёнными лицензии на продажу алкогольной продукции, проверка мест, реализующих алкогольную продукцию без разрешения, расширение возможностей оказания медицинской помощи зависимым лицам, ограничение времени работы развлекательных заведений и подключение их камер видеонаблюдения к полиции.
Особое внимание на заседании уделили ситуации в отдельных районах, таких как Алгинский, Мугалжарский и Хромтауский, где зафиксирован рост тяжких преступлений и правонарушений среди несовершеннолетних. Акимы этих районов отчитались о принимаемых мерах, а аким области поручил городским и районным акимам усилить профилактику подростковой преступности и активнее привлекать гражданское общество.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма