Дороги, не прошедшие проверку дорожной лаборатории, подрядчики будут перекладывать

Жол лабораториясының сынамасынан өтпеген жолдарды мердігерлер қайта төсейтін болады.
Нокин тұрғын алабының “Астана” бөлігінде 14 көшеге жол салу жобасын конкурсқа қатысып ұтып алған “Темір жол жөндеу” ЖШС мердігер компаниясы өткен жылы жұмысты аяқсыз қалдырды. 3 көшеге салынған асфальт жабындысының астыңғы қабатының сапасы жол лабораториясының сынамасынан өтпей қалды. Қазір қырып алып тастауға тура келіп жатыр. Бұл жағдайды олар қала әкіміне баяндап, жұмыстарын биыл толық аяқтауға уәде берді.

«Бұл — өткен жылы шала-шарпы жасаған жұмыстарыңыздың салдары. Жұмысты бірден сапалы жасамайтын болсаңдар, осылай екі шығынға ұшырайсыздар. Жол лабораториясы бірде-бір мердігердің жұмысын оңайлықпен өткізбейді. Біз оларға қатаң талап қойдық.
Осы елді мекенде тұратын халықпен ақылдасып, суағарларын, тротуарларын орнатып беріңіздер. Уақыт тығыз, жер жұмыстарына техникаларыңыз жеткіліксіз. Сіздерді күн сайын мамандар жіті бақылауға алатын болады. Егер, жұмыс кестесінен кешігетін болсаңыздар, келісім шартты үзу туралы мәселе көтеріп, сотқа жүгінеміз», — деді Азамат Бекет.

Бұл жаңа тұрғын алапта 9 км 622 метрге, яғни 14 көшеге жаңадан жол салынуы тиіс. Әкімнің алдында мердігер жол құрылысына қажетті материалдың бәрін дайындап әкелдік, жұмысты ширатамыз деп ақталды.

«Осы айда жұмыс кестесінен кешіккеніміз рас. Асфальт төсейтін техниканың бәрін әкелдік. Енді қазір жер жұмыстарын жеделдету үшін басқа да техника санын арттырамыз», — деп уәде берді учаске басшысы Қадірбек Бақтыбаев

Дороги, не прошедшие проверку дорожной лаборатории, подрядчики будут перекладывать. Подрядная компания ТОО «Темир жол жондеу», выигравшая конкурс на проект по строительству дорог на 14 улицах в части «Астана» жилого массива Нокин, в прошлом году не завершила работы. Нижний слой асфальтового покрытия, уложенный на 3 улицах, не прошел проверку дорожной лаборатории по качеству. Теперь его приходится фрезеровать. Об этой ситуации подрядчик доложил акиму города и пообещал полностью завершить работы в текущем году.

«Это последствия вашей недобросовестной работы в прошлом году. Если вы не будете сразу выполнять работу качественно, то понесете двойные расходы. Дорожная лаборатория не будет легко принимать работы ни одного подрядчика. Мы предъявили им жесткие требования.
При установке ливневых систем и тротуаров советуйтесь с жителями этого населенного пункта. Время ограничено, вашей техники для земляных работ недостаточно. Специалисты будут ежедневно осуществлять строгий контроль за вами. Если вы будете отставать от графика работ, мы поднимем вопрос о расторжении договора и будем вынуждены обратиться в суд», — сказал Азамат Бекет.

В этом новом жилом массиве должно быть построено 9,622 километра новых дорог, охватывающих 14 улиц. Перед акимом подрядчик оправдывался, заверяя, что все необходимые для дорожного строительства материалы уже доставлены, и работы будут ускорены.

«Действительно, в этом месяце мы отстали от графика работ. Вся техника для укладки асфальта доставлена. Теперь, чтобы ускорить земляные работы, мы увеличим количество другой техники», — пообещал руководитель участка Кадырбек Бахтыбаев.


Источник: https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DKaNvmQg9fC/
Фото: с интернета

Опубликовано:
Время: 13:55
Рубрика: Новости
Категория: Актобе