ТЖ министрі ақтөбелік құтқарушыларға арнайы техника және қызметтік пәтер кілттерін табыстады Облыстағы жұмыс сапары аясында ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесті. Іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында салтанатты жағдайда өтті.
Кездесу барысында министр жергілікті құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 28 арнайы көлікті тапсырды. Берілген машиналардың қатарында әртүрлі модификациядағы өрт сөндіру автоцистерналары, мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған жоғары өтімді жол талғамайтын көліктер мен инженерлік автомобильдер бар. Бұл құтқарушылар жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, аудандық бөлімшелердің 10 маманына қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды. Бұл – олардың халық қауіпсіздігіне деген көпжылдық әрі жанқиярлық қызметтерінің еленгені.
Глава МЧС вручил актюбинским спасателям спецтехнику и ключи от служебных квартир В рамках рабочей поездки в Актюбинскую область министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов вместе с акимом области Асхатом Шахаровым встретился с личным составом Департамент по ЧС. Мероприятие прошло в торжественной обстановке на площади у стелы «Қазақ халқына мың алғыс».
В ходе встречи министр вручил 28 единиц специальной техники для укрепления материально-технической базы местных спасательных подразделений. В числе переданных машин – пожарные автоцистерны различных модификаций, высокопроходимые внедорожники и инженерные автомобили, оснащенные специализированным оборудованием. Эта техника значительно повысит эффективность работы спасателей, скорость реагирования на чрезвычайные ситуации и уровень безопасности в регионе. Кроме того, 10 сотрудникам районных подразделений были вручены ключи от служебных квартир. Это признание их многолетнего, самоотверженного труда на благо безопасности населения.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма