Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жұмысшы зардап шекті.
23 мамыр күні компания жұмысшылары электр желілерін жөндеу бойынша кезекті шақырудан қайтып келе жатып, қатты жаңбырдан кейін жол апатына ұшыраған.
«УАЗ-2206» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолында Әйтеке би ауданының Теренсай ауылы маңында қарсы жолаққа шығып, рульдік басқаруды игере алмай, жол жиегіне аударылған.
ЖКО салдарынан «УАЗ-2206» автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушы Әйтекеби ауданының орталық ауруханасына жатқызылған.