Актобе

Облыс әкімі Ақтөбенің кешенді дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді    Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен қала әкімдігінде өткен жиында қаралды. Күн тәртібінде қаланың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Әсіресе облыс орталығын абаттандыру арқылы қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру жобаларына баса назар аударылды.

Категория: 

Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды Бүгін Ақтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды. Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін бір мезетте тебірене оқыды. Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында поэтикалық оқулар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды.

Категория: 

Салтанатты ашылу сәтінде облыс әкімі Асхат Шахаров, өңіріміздің танымал ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызына мән берді.  

Категория: 

Әкім командаға сәттілік тілеп, ақтөбелік жанкүйерлердің үміті мен сенімі зор екенін атап өтті.

«Әдетте біз Орталық стадиондағы ойындарды мамыр айында бастайтын едік, міне, биыл бір ай ерте матч өткізгелі жатырмыз. Команда алдында үлкен міндеттер тұр. Барлық жағдай жасалды. Дайындықты күшейту керек. Ақтөбе халқы әрқашан өз командасын қолдап келеді. Сіздердің әр ойындарыңыз – жанкүйерлер үшін үлкен оқиға. Сондықтан, бар күш-жігерлеріңізді салып, ел намысын қорғауға дайын болыңыздар. Біз сіздерге сенеміз, әрдайым спортшыларымызға қолдау білдіреміз», – деп атап өтті ол.   

Категория: 

Өңір басшысы «Ақтөбе» футбол клубы жаттығып жүрген Олимпиадалық резервті даярлау орталығының базасында жаттықтырушы құрам және ойыншылармен кездесті. Кездесуде жаттығу барысы, ойыншылардың дайындығы және алдағы маусымдағы жоспарлар туралы айтылды. Сондай-ақ, облыс әкімі спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Категория: 

Ақтөбе қаласының Алтын Орда шағын ауданындағы «Денсаулық саябағы» қатаң бақылауда!
Тәртіп пен тазалықты Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қамтамасыз етеді.

Заң мен тәртіп қатаң сақталады, саябақ әрдайым күтімде.
«Таза ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында біз бірге тазалық пен қауіпсіздікті сақтаймыз!

Категория: 

23 апреля, в Национальный день книги и в преддверии 180-летия великого поэта Абая, в Актобе прошло необычное мероприятие.

500-метровая аллея на проспекте Абая превратилась в пространство, где пересеклись литература, искусство, технологии и духовность. Впервые прошедший в формате "book tourism" праздничный проект под названием "Мир книги" стал настоящим литературным путешествием для горожан.

Категория: 

Қазір ірі жер учаскесін бөлу, тәулігіне 20 мың тоннағадейінгі көлемде техникалық судың тұрақты берілуінқамтамасыз ету, сондай-ақ жобаны құрылып жатқанарнайы экономикалық аймаққа енгізу мәселесі шешілуде.    Өңір басшысы Асхат Шахаров бұл жобаларды іскеасыру ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегенелдің инвестициялық саясатының мақсаттарына қолжеткізудегі маңызды қадам болатынын атап өтті.   «Біздің міндетіміз – инвесторлар үшін барыншақолайлы жағдай жасау.

Категория: 

Зауыт салу үшін инвесторға дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскесін бөлу қажет. Әлеуетті аумақ ретінде Ақтөбе қаласы маңындағы және Алға, Мұғалжар, Хромтау аудандарындағы учаскелер қарастырылуда. Зауыт орнын таңдау кезінде логистика, су, электр энергиясы, газ және жолдың болуы ескеріледі.   Екінші жоба – шыны ыдыс шығаратын зауыт. Жобаны«AKTOBE STEKLO» ЖШС бастамашылық еткен.Инвестициялардың жалпы көлемі 34,033 млрд теңге.Жоба аясында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауыменгаз поршенді станцияны сатып алу, сондай-ақ қалалықполигонға жақын жерде 1 га аумақты бөлу көзделген.

Категория: 

Биыл 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келеді. Бұл күні 50-ден астам мәдени іс-шара өткізу жоспарлануда. Негізгі мерекелік іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алдындағы алаңда өтеді.   Отан қорғаушылар күні қарсаңында 6 мамыр күні Өнер орталығында «Ер еліне қорған!» мерекелік шара өткізіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін Мәдениет үйлерінің алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Категория: 
АктобеИнфо