Ақтөбе облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді
Сессия жұмысына қатысқан өңір басшысы Асхат Шахаров бюджет қаражатын қайта бөлудің маңыздылығын атап өтті.
«Бюджетті түзету ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді, бұл біздің тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды үлес саналады»,- деп атап өтті облыс әкімі.