Өз кезегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр жергілікті жолдардың қысқы күтімі туралы баяндады. Бұл жұмысқа 43 мердігер жауапты. Облыстың жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 4,4 мың км, олар 174 учаскеге бөлінген: 13 учаске – облыстық маңызы бар, 161 учаске аудандық маңызы бар. Бұл жолдарды жинауға 401 техника жұмылдырылып, 5,4 мың тонна инертті материалдар, 2,8 мың тонна дизель отыны әзірленді. Басшының айтуынша, жолдарды тазарту және құм-тұз қоспасын себу үнемі жүргізіліп тұрады.