Алаяқтар зейнеткердің шотынан 12 млн теңгеден астам ақшасын шешіп алған
Полицияның ескертулеріне қарамастан, азаматтар алаяқтардың құрбаны болуда.
Мысалы, 69 жастағы зейнеткердің телефонына "Whatsapp" арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері деп таныстырған. Қоңырау шалушы зейнеткерге алаяқтар оның атына несие рәсімдегенін және оны жою үшін "HopToDesk" бағдарламасын орнату керектігін айтқан.
Ер адам қосымшаны жүктеп алғаннан кейін оның шотынан 12 млн теңгеден астам ақша шешіп алынған.