Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Жедел басқару орталығының камералары құрамында Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Huindai автомобильдері болған үйлену тойы кортежінің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеді.
Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.