Ақтөбе облысының полицейлері жолдарда құқықтық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілер әлі де бар, бұл жол-көлік оқиғаларын тудырады.
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу болып табылады.