Ақтөбе облысының полицейлері шетелдік есептегі автокөлікті ресімдеуге көмектесуге уәде берген алаяқты ұстады.
Ақтөбе қаласы полиция басқармасының № 1 қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі алаяқтық туралы арызданды. Ер адамның айтуынша бейтаныс адам оның сеніміне кіріп, оған шетелдік есепте тұрған "Toyota Highlander" автокөлігін қазақстандық есепке қоюға көмектесуге уәде берген.
Алайда, жәбірленушіден 800 мың теңгені алдап алып, уәде еткенін орындамай және ақшаны қайтармаған.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-да тіркелді.