Актобе

Қарғалы (Жилянка) тұрғын алабы арқылы өтетін Песчанка өзенінің арнасын қоқыстан, қурап құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі Азамат Бекет жұмыс жүргізілген аумақта болып, өзен жағасында орналасқан үйлерге көктемде аққан судан қауіп төнбесі үшін бекіту шараларын жалғастыруды тапсырды.
«Өткен көктемде Песчанка тасыған кезде жақын орналасқан үйлерге су кіргенін көзіммен көрдім. Арнаны жақсылап тазаласақ, ағын судың жолына кедергі болмайды», - деді Азамат Бекет.

Категория: 

«Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС (Оренбургская көшесі, 11) арнайы киімдер, матрастар, төсеніш жабдықтары, қолғаптар және жоғары сапалы эко пакеттер өндірумен айналысады.
20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорында 35 адам қызмет етеді, оның ішінде жұмысшылардың 70 %-ы көру қабілеті нашар жандар.
Бүгінде кәсіпорынның негізгі бағыттарының бірі эко-пакеттер өндірісі болып табылады. Өндіріс аппаратының қуаттылығы күніне 50-60 мың дана эко-пакет шығаруға мүмкіндік береді.

Категория: 

2025 жылғы 10-23 ақпан аралығында Ақтөбе қаласы аумағында «Есептегі элемент» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Осыған байланысты бүгін Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі ғимаратында Ақтөбе қаласы полиция Басқармасы, жергілікті атқарушы органдары, Мансап орталығы бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға 50-ден астам есепте тұрған азамат қатысты.

Категория: 

Ақтөбеде жастарға арналған шығармашылық орталық салу жоспарлануда  Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі креативті индустрияны дамыту мәселесі қаралды. Өңір басшысы жастардың өз тарапынан шығармашылық жолын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Ол дизайн, сән, музыка, сәулет және басқа да салаларда жаңа өнімдер жасау мен қызметтер көрсету арқылы табыс таба алатын заманауи бағыттарды дамыту қажет екенін жеткізді.

Категория: 

Қолданыстағы субсидиялау тетігін пайдалана отырып, элиталық тұқымға субсидияланатын егіс көлемін 15-тен 30%-ға, бірінші репродукциялы тұқымға 20-дан 40%-ға дейін ұлғайту ұсынылды. Бұл өз кезегінде тұқым өндірісін ұлғайтуға ынталандырып, шаруашылықтардың сапалы тұқымға қолжетімділігін арттырады.   Облыс әкімі егіс науқанына дайындықты жылдамдатуды және белгіленген мерзімдер аясында барлық қажетті жұмысты орындауды тапсырды. Сондай-ақ оларға аталған төрт ауыл шаруашылығы ауданында жетекші шаруашылықтар базасында тұқым шаруашылығы субъектілерін құруды ұйымдастыру тапсырылды.  

Категория: 

«Кең дала-2» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ақтөбе» ӘКК арқылы егіс науқанын жүргізуге жылдық 5% сыйақы мөлшерлемесімен қазіргі уақытта 3,9 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып, 2,0 млрд теңгесі мақұлданды және 532,6 млн теңге несие берілді. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Бұдан өзге, өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді, қаржы тұқым шаруашылығын дамытуға; минералды тыңайтқыштар, пестицидтер және суармалы судың құнын арзандатуға бағытталады», - деп мәлімдеді Асқар Жүсібәлиев.

Категория: 

Ақтөбе облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды   Биыл өңірде 806,4 мың га алқапта көктемгі далалық жұмыстарын  жүргізу жоспарлануда.   Егіс жұмыстарына дайындық облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды.   Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібәлиевтің ақпаратына сүйенсек, дәнді дақылдар 458 мың га, майлы дақылдар 67 мың га, мал азығы дақылдары 274 мың га, картоп 3,5 мың га және көкөніс бақша дақылдары 3,4 мың га жерге егіледі.

Категория: 

В Актобе суд вынес приговор по громкому делу об убийстве и расчленении человека.

Cогласно материалам дела, убийство произошло осенью 2024 года в Хромтау. Трое приятелей собрались в квартире и распивали спиртное. В какой-то момент между двумя мужчинами произошел конфликт. Мужчины не поделили зажигалку.

В итоге 40-летний житель Хромтау зарезал своего приятеля. А потом тело расчленили. Человеческие конечности товарищи выбросили в районе пустующего карьера. А голову и остальные части положили в холодильник. Рассчитывали позже избавиться от улик.

Категория: 

Ақтөбе облысында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының іріктеу кезеңі аяқталды Ақтөбе облысы бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына 80 үміткер қатысып, 4 жеңімпаз республикалық сайысқа жолдама алды. Қатысушылар облыстық кезеңде жалпы білім, логика, музыка, өнер, спорт сияқты түрлі саланы қамтитын 80 сұраққа жауап берді. Арнамыздың төл туындысы – «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл қайта жаңғырып, көрерменге жол тартты. Республикалық сайыстың үш жеңімпазына отандық жоғары оқу орындарына білім гранты беріледі.

Категория: 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді. Өңір басшысымен кездесуге облыстың 14 тұрғыны келді. Олар жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй беру мәселелерімен жүгінді. Темір ауданының тұрғыны Б.Өтемұратов аймақ басшысынан материалдық көмек көрсетуді өтінді. Оның тұрғын үйі апатты жағдайда. Ер адам 12-ші болып баспана кезегінде тұр. Әкім мәселені бақылауға алуды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес көмектің ықтимал нұсқаларын қарауды тапсырды. Парасат тұрғыны тұрғын алапта көшені жарықтандыру мәселесін көтерді.

Категория: 
АктобеИнфо