Актобе

Ақтөбелік өнертапқыштар ғылыми жобаларын таныстырды  Ақтөбе облысының дарынды жастары өздерінің креативті ойларын ұсынып, еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына өз үлестерін қосты.  Көрменің басты мақсаты – оқушылардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау.  Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 19 наурыз – Жаңару күні кең көлемде аталып өтті. Жаңару күні аясында «Ақтөбе – мүмкіндіктер мекені» атты жас өнертапқыштардың ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Категория: 

Ойыл ауданы Ойыл ауылына сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров ауыл ақсақалы, Мәдениет қайраткері Амангелді Жұмановтың үйінде болды. 80 жастағы ақсақалға сәлем бере барған Асхат Шахаров әңгіме арасында Ойылда салынып жатқан көпірдің құрылыс барысын, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларды сөз етті. Көпір құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Ойыл мен Қобда арасын жалғайтын күре жол жаңартылады.  Амангелді Рамазанұлы - өңір басшысына үнемі халықтың тыныс-тіршілігін жеткізіп, ауылдың мәселелері туралы жазып отыратын жанашыр ақсақалдардың бірі.

Категория: 

Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді Мемлекет басшысы ұлтымыздың жаңа келбетін қалыптастыруда отбасы институты шешуші рөл атқаратынына үнемі назар аударып келеді. Осы орайда, "Аңсаған сәби" бағдарламасы елдегі көптеген отбасылар үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Елімізде бұл бағдарлама енгізілген 2021 жылдан бері бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.  Ақтөбе облысында "Аңсаған сәби" арқылы (2021-2024 ж.ж.) 1264 отбасы квота алды.

Категория: 

Сотрудники полиции Актюбинской области совместно с бойцами спецподразделения в Актобе задержали 39-летнего и 51-летнего жителей областного центра.

В процессе осмотра территории перед парадной дверью многоэтажного дома найден и конфискован пакет.

В процессе досмотра автомобиля одного из задержанных с использованием служебной собаки в багажнике найден и изъят один пакет с веществом растительного происхождения. Также обнаружен пистолет без номеров, в котором находилось шесть боевых патронов.

Категория: 

Ойыл ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Қаратал ауылына барды Ш. Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі Әділбек Ізбасов өңір басшысына елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қараталда бөгет салынды, құрылысына 866 миллион теңге бөлінді. Су тасқынының алдын алып, еріген қар суының ағынын дұрыс бағыттау үшін арықтарды тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, 100 тонна инертті материал, 10 мың қап дайындалып, 10 су сорғыш мотор және 2 қайық сатып алынды. Былтыр су тасқынынан зардап шеккен барлық ғимарат жөндеуден өтті.

Категория: 

Сонымен қатар, Асхат Шахаров Ойылдағы балабақша (1,5 млрд теңге) мен мектептің (2,4 млрд теңге) құрылысын да тексерді. Қазір жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 150 орындық балабақша осы жазда тапсырылады деп күтілуде. Ал 320 орынға шақталған білім беру мекемесі жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысы Құрал Дүйсенғалиевтің үйіне барды. Ол бұрын Екпетал ауылында тұрған. Былтыр үйі суға кетіп, отбасымен аудан орталығынан салып берген су жаңа баспанаға көшіп келді.

Категория: 

Әкім Ойылдағы көпірдің құрылыс барысын сынға алды  Облыс әкімі Ойыл ауданының аумағын, өзендердің жағдайын жоғарыдан қадағалады. Бұл су тасқыны қаупін бағалап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында жасалды. Ойыл ауданына жұмыс сапары кезінде Асхат Шахаров ауылдың кіреберісіндегі уақытша техникалық көпірдің құрылыс барысын тексерді. Бұл көпір қар суына шыдас бере алмай зақымданған өткелдің орнына салынып, орталықтан уақытша қол үзіп қалған ойылдықтар үшін байланыс болмақ.

Категория: 

Ақтөбеде ашық аспан астында ұлттық киімдер фестивалі өтті Бүгін «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күніне арналған бірегей іс-шара өтті. «Қазақ халқына мың алғыс» стеласында «Этно-Fashion Aqtobe — 2025» ашық аспан астындағы ұлттық киімдер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын эмоциялар сыйлады. Ерекше фестиваль ұлттық киім киген қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және мәдениет саласының қызметкерлерінен құралған 2500-ден аса қатысушының басын қосты.

Категория: 

Огромная яма глубиной в несколько метров внезапно появилась прямо у светофора на пересечении проспекта Тауелсиздик и улицы М. Шокая в Актобе. Земля обвалилась на тротуаре в оживленном месте, и провал продолжает увеличиваться.

Как пишет "Диапазон", полицейские оцепили участок, чтобы никто не пострадал. Близко подходить запретили из соображений безопасности – земля понемногу продолжает осыпаться в яму. На глубине видны трубы, куски от асфальтированной дорожки.

Категория: 

В областном центре Актюбинской области начались паводки - большая вода пришла в жилой массив Нижний Курайли, который и в прошлом году пострадал от талых вод.

Как рассказала 67-летняя жительница Нижнего Курайли Гульбану Мырхина телеканалу, она готовилась к поминальному обеду по мужу, но практически все продукты и заготовки испортило талой водой - из-за паводка затопило ее летнюю кухню. В воде плавали не только продукты, но и посуда и даже мебель.

Категория: 
АктобеИнфо