Биыл облыс аумағында жаңадан 10 ветеринариялық пункт салынады Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай мәлімдеді. Айбек Қойшыбайұлы Басқарманың ағымдағы жылдың 8 айында атқарған жұмыстарының қорытындысымен бөлісе келе, жыл басынан бері 17 аса қауіпті ауруға қарсы жануарлар мен құстарды вакцинациялау бойынша жоспар толығымен орындалып, 9 млн 652 мыңнан астам вакцинация манипуляциясы жүргізілгенін атап өтті. Сонымен қатар жыл басынан бері 526 581 бас ірі қара мал тексеріліп, жұқтыру деңгейі 0,5% құраған. Оң нәтиже көрсеткен мал санитарлық союға жіберілген. Бруцеллез анықталған аймақтарда 59 мыңға жуық шаршы метр аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
«Биыл облыс аумағында 8 аса қауіпті ауру ошағы тіркелді: 2 пастереллез, 4 құтыру және 2 қарасан. Бруцеллез бойынша 5 ошақ тіркелген, оның ішінде Байғанин ауданында – 3, Мәртөк ауданында – 1, Әйтеке би ауданында – 1. Қазіргі таңда 2 ошақта сауықтыру шаралары жүргізілуде» - деді басқарма басшысы. Облыс бойынша жоспарланған ауылдық округ орталығына салынатын 45 модульдық ветеринариялық пункттерге жергілікті әкімдіктер тарапынан жер бөлу жұмыстары жүргізілген.
«Қазіргі таңда Ырғыз ауданының Қызылжар ауылында, Мәртөк ауданының Жайсаң, Байторысай ауылдарында, Ойыл ауданының Көптоғай, Саралжың ауылдық округтерінде ветеринариялық пунктер ашылды. Ағымдағы жылы облыс аумағында 10 ветеринариялық пункт салу жоспарлануда»- деді Айбек Сембай. Бұдан бөлек осы жылы салынатын 14 типтік мал қорымының 4-іне сметалық жобалық құжаттар жасатуға қаржы бөлінген, қалған 10 типтік мал қорымының сметалық жобалық құжаттарын жасақтау жұмыстарына қаржы бөлу қарастырылуда.
10 новых ветеринарных пунктов построят в Актюбинской области в текущем году Об этом на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций сообщил руководитель областного управления ветеринарии Айбек Сембай. Спикер поделился итогами работы управления за 8 месяцев этого года. Он отметил, что с начала года полностью выполнен план по вакцинации животных и птиц против 17 особо опасных заболеваний. Кроме того, с начала года обследовано более 526 тысяч голов КРС на бруцеллез, уровень заражения составил 0,5%. Скот, показавший положительный результат, направлен на санитарный убой. На участках, где выявлен бруцеллез, проведена дезинфекция на площади около 59 тысяч квадратных метров.
«В этом году на территории области зарегистрировано 8 очагов особо опасных заболеваний: 2 -пастереллеза, 4 - бешенства и 2 - карасана. По бруцеллезу зарегистрировано 5 очагов, из них в Байганинском районе – 3, Мартукском районе – 1, Айтекебийском районе – 1. В настоящее время в 2 очагах продолжаются оздоровительные мероприятия», - рассказал руководитель управления. В целях повышения качества работы ветеринарных служб, по области выделены земли для 45 модульных ветеринарных пунктов в сельских округах.
«На сегодня открыты ветеринарные пункты в селе Кызылжар Иргизского района, в селах Жайсан, Байторысай Мартукского района, в Коптогайском, Саралжинском сельских округах Уилского района. В текущем году на территории области планируется построить 10 ветеринарных пунктов», - отметил Айбек Сембай. Кроме того, в текущем году выделены средства на разработку проектно-сметной документации на строительство 4 типовых скотомогильников. Всего по области планируется построить 14 новых типовых скотомогильников.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi