137 домов построят для пострадавших от паводков в Иргизском районе

 

Су тасқыны: Ырғыз ауданында 137 үй салынады Бүгінгі күні Ырғыз ауылында 50 үйді салуға 11 құрылыс компаниясы кірісіп кетті. Аудан әкімі Нұрлан Қызбергеновтің сөзінше, Ырғыз ауылынан бой көтеріп жатқан баспаналардың құрылысына қажетті материал жеткілікті. Кейбірінің іргетасы құйылған. Бұл тұрғын үйлерге аудан орталығына көшуге қарсылық танытпаған Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары қоныстанады. Ырғыз ауданында 168 үй табиғи апаттан зардап шекті. 161 үй тұруға жарамсыз болып қалса, жетеуіне күрделі жөндеу жүргізіледі. 24 ырғыздық отбасы баспананы екінші нарықтан сатып алуды жөн көріпті.

«Қалған 137 үйдің осы ауданның орталығынан - 50 үй, Нұра селолық округінің Сарыоба жерінен сол Нұра халқының келісіміменен 75 үй және Мамыр елдімекенінен 12 үй салынатын болады. Қазіргі уақытта 50 үйдің іргетасын қазу жұмыстары аяқталды және бірнеше үйдің экоблок материалдары, қызыл кірпіштері, пенопласттары әкеліп жеткізілді. 6 үйге фундамент, 18 үйге іргетастың астыңғы қабаты құйылды. Жалпы алғанда аудан бойынша салынатын 137 үйді біз тамыз айының ортасына дейін толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы Нұра селолық округінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, осы Сарыоба жеріне үй салуға байланысты тиісті ведомстволардан рұқсат қағаздарын алдық. Ертеңгі күні осы Нұра елдімекені Сарыоба жерінен де құрылыс жұмыстарын бастаймыз»,- дейді аудан басшысы Нұрлан Қызбергенов.

137 домов построят для пострадавших от паводков в Иргизском районе На сегодняшний день в районном центре - селе Иргиз 11 строительных компаний приступили к возведению 50 домов. По словам акима района Нурлана Кызбергенова, для уже строящихся жилых домов создан достаточный запас строительных материалов, начата закладка фундамента. В этих домах поселятся жители сел Нура и Мамыр, которые пожелали переехать в районный центр.  Всего в Иргизском районе от стихийного бедствия пострадали 168 домов, из них 161 дом признан непригодным для проживания, семь будут капитально отремонтированы. 24 семьи решили купить готовое жилье на вторичном рынке.

«Для 137 семей будут построены новые дома, в том числе в районном центре возводим 50 домов. Еще 12 домов будут построены в селе Мамыр, а для жителей села Нура, по согласованию с ними, 75 домов возведем в местности под названием Сарыоба. В настоящее время завершили копать траншеи под фундамент для пятидесяти домов, завозим строительные материалы - экоблоки, красный кирпич, пенополистирол и другие. Залит фундамент шести домов, на 18 участках подготовлены подушки под фундамент. Планируем, что строительство всех 137 домов завершим к середине августа. Проводим разъяснения среди жителей Нуринского сельского округа. Получили разрешения от соответствующих ведомств на строительство домов в Сарыобе, уже завтра здесь начнутся строительные работы»,- сказал аким района Нурлан Кызбергенов.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 178
Категория: 
�����