15 әйтекебилік отбасы бүлінген мүліктеріне өтемақы алып үлгерді Материалдық шығынды есептейтін комиссияға Әйтеке би ауданының 122 тұрғынынан өтініш келіп түскен. Оның ішінде 42 үй техникалық байқаудан өткізіліп, 35 үйге баға берілген. Қазіргі уақытта 15 отбасыға 14,6 млн теңге өтемақы төленді. Бұл ауданда үйі суға кеткендердің бірі — Т.Жүргенов ауылының тұрғыны Саматбек Сақтағанов.
«Осы үйде тұрғаныма 23 жыл болды. Биыл наурыздың 30-нан 31-іне қараған күні үйім суға кетті. Сарайым, үйім, барлық дүние-мүлкім бүлінді, жарақсыз күйде қалды. Аудан әкімі өзі келіп қарап, баспана салып беретінін айтып, көңілімді жұбатты. Одан кейін комиссия келіп тексерді, үйімді енді тұруға келмейтінін айтты. Кеше біржолғы көмек ретінде 300 мың теңге қаржы алдық. Енді үйдің салынуын күтіп отырмыз. Барша азаматтарға, аудан әкімдігіне ризашылығымды білдіремін»,- дейді ол.
15 семей в Айтекебийском районе уже получили компенсации за поврежденное имущество В комиссию по оценке материального ущерба поступили обращения от 122 жителей Айтекебийского района. На сегодня проверено состояние имущества 42 семей, по 35 объектам недвижимости уже вынесена экспертная оценка. Сегодня компенсации были перечислены 15 семьями района на общую сумму 14,6 млн. тенге. Саматбек Сактаганов - один из жителей села им. Т. Жургенова, чей дом был подтоплен во время паводка.
«23 года прожил в своем доме. 30 марта его затопило. Не только дом, но и все мое имущество оказалось в воде. Аким района приезжал, сказал, что мне построят новый дом. Комиссия подтвердила, что мой дом для проживания уже непригоден. Вчера мы получили 300 тысяч тенге в качестве единовременной помощи. Теперь ждем, когда построят дом. Выражаю благодарность всем, кто помогал сельчанам в эти трудные дни»,- сказал Саматбек Сактаганов.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi