Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры Ойыл ауданында 175, Ырғыз ауданында 134 үй салады. Қобда ауданында 147 тұрғын үйді Болат Өтемұратов атындағы қор салып жатыр. Темір ауданында тағы 21 тұрғын үй «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражатына салынуда. BI Group компаниясы Әйтеке би ауданында 26, Мұғалжар ауданында 14 үй салады. Eurasian Resources Group компаниялар тобы мен «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры зардап шеккендерге баспана сатып алуға дайын екендіктерін білдірді. Бүгінде олардың өкілдері 31 отбасына пәтер кілттерін табыстады.
«Бүгінгі күн біз үшін ерекше есте қалмақ. Үш ай бұрын бізді эвакуациялағанда, тағдырымыз одан әрі қалай боларын білмедік. Бүгін бізге қала орталығынан пәтер беріліп жатыр. Мұндай қуанышқа қалай сенерімді білмей тұрмын. Қиын кезде қол ұшын созып, демеу болған жандарға алғысымыз шексіз»,— деп ақтөбелік Нұрлан Бектасов өз қуанышымен бөлісті. Облыс әкімдігіне мыңға жуық отбасын қоныстандыру керек. Вице-премьер құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.
«Алда көп жұмыс бар, кейбір аудандарда қосымша жұмыс күші мен техниканы екі есеге арттыру қажет. Тұрғын үйді қалпына келтіру мәселесі Президенттің жеке бақылауында»,— деп атап өтті вице-премьер. Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлерді мердігер ұйымдар жаз мезгілінің соңына дейін тапсыруға тиіс. Құрылыс барысын Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында онлайн режимде бақылауға болады.
Как сообщил аким Актюбинской области Асхат Шахаров, 175 домов в районе Уил и 134 дома в районе Иргиз построит Общественный фонд «Қамқор-Ақтөбе 2024». 147 домов в районе Кобда возводит Фонд Булата Утемуратова. Еще 21 дом в районе Темир строят из средств Общественного фонда «Қазақстан Халқына». Строительство 26 домов в районе Айтеке Би и 14 домов в районе Мугалжар взяла на себя компания BI Group. Готовность приобрести жилье для пострадавших выразили Группа компаний Eurasian Resources Group и Общественный фонд «Қамқор-Ақтөбе 2024». Сегодня их представители вручили ключи от квартир 31 семье.
«Для нас это волнительный день. Три месяца назад, когда нас эвакуировали, мы не знали, как наша судьба сложится дальше. И даже не верится, что сегодня нам дали квартиру почти в центре города. Спасибо большое всем, кто не остался в стороне и помог нам в трудное время»,— поделился житель Актобе Нурлан Бектасов. Акимату области необходимо заселить около тысячи семей. Вице-премьер поручил ускорить темпы строительства.
«Впереди много работы, некоторым районам необходимо вдвое нарастить дополнительную рабочую силу и технику. Вопрос восстановления жилья находится на контроле у Президента»,— напомнил вице-премьер. Сдать в эксплуатацию дома для пострадавших от паводков подрядчики должны до конца лета. Наблюдать за ходом строительства можно в режиме онлайн на сайте акимата Актюбинской области.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi