2 қыркүйекте Темір ауданының Қопа ауылында кәмелетке толмағандар арасында қақтығыс болып, оның барысында 9-сынып оқушысы қайтыс болды.
Осы факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кезекші тәулікте осы оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды.
Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде. Үш кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында.
Спикер: Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов
2 сентября в селе Копа Темирского района произошел конфликт среди несовершеннолетних, в ходе которого погиб ученик 9 класса.
По даному факту начаты досудебные расследования по хулиганству и умышленному причинению тяжкого вреда здоровью. В дежурные сутки установлены все участники данного происшествия, действиям которых будет дана правовая оценка. Создана следственно-оперативная группа, уголовное дело принято в производство Департамента полиции, назначен процессуальный прокурор.
В настоящее время проводится комплекс всех необходимых мероприятий, направленный на объективное и всестороннее расследование. Водворены в ИВС трое несовершеннолетних подозреваемых.
Не смотря на социальный статус, родственные связи и положение - виновные лица будут привлечены к ответственности.
Иные сведения по уголовному делу разглашению не подлежат. Ход расследования находится на контроле у начальника Департамента полиции.
Спикер: Заместитель начальника Департамента полиции Актюбинской области Галым Байжанов