Учаскелік инспектор ауыл тұрғынының жоғалған 26 бас жылқысын табуға көмектесті
Ащылысай ауылы тұрғының еркін жайылымнан 26 бас жылқысы жоғалған. Алдымен мал иесі жоғалған жануарларды өзі іздестірген. Алайда, оң нәтиже болмағандықтан келесі күні полиция бөліміне арызданған.
Полиция қызметкерлері арнайы мобильдік топтар құрып, жедел іздестіру іс-шараларына кірісті. Учаскелік полиция инспекторы Асылхан Ертілеуовтің жетекшілігімен және іздестіру жұмысын шебер ұйымдастыруының нәтижесінде тәулік ішінде Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылынан 70 шақырым жерде, еркін жайылымнан 26 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жануарларды қараусыз қалдыруға болмайтынын еске салады, өйткені малды қараусыз қалдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін мал иелеріне жануарларға спутниктік GPS трекерлер орнатуды ұсынамыз, бұл малдың жоғалуы мен ұрлануын болдырмауға көмектеседі.
26 пропавших лошадей помог найти сельчанину участковый в Актюбинской области
У жителя п.Ащелисай с вольного выпаса пропало 26 лошадей. Сначала владелец скота сам пытался найти пропавших животных. Однако поиски положительных результатов не дали, и на днях он обратился в отдел полиции.
Сотрудники полиции создали специальные мобильные группы, оперативно выехали и провели розыскные мероприятия.
Под руководством и умелой организацией поисков участковым инспектором полиции Асылханом Ертлеуовым в течении суток 26 голов лошадей были обнаружены в степи 70-ти километрах от п.Ш.Калдаякова Каргалинского района, которые находились на вольном выпасе. Лошади возвращены владельцу.
Департамент полиции Актюбинской области напоминает, что нельзя оставлять животных без присмотра, так как за оставление скота без присмотра предусмотрена административная ответственность. Во избежание подобных ситуаций фермерам рекомендуем установить на животных спутниковые GPS-маяки, что поможет предотвратить утрату и кражу скота.
Источник.https://www.instagram.com/p/C9e01QVMxQe/?img_index=1