Ойылдық 320 отбасының материалдық шығыны өтеліп, баспаналарын жөндеуге қаржы бөлінді Ойыл ауданында Қаратал, Екпетал ауылдары көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Тұрғындардың үйлері суға кетіп, кейбір тұрғындардың үйі тұруға жарамсыз деп танылды. Төтенше жағдай жарияланған Ойыл ауданында бүгінде жаңа үйлердің құрылысы қызу жүргізілуде. Жалпы Берсиев ауылдық округінде 234 үй бар. Оның 18-і қайта жөндеуге жарамды деп танылса, қалғандарының орнына жаңа үйлер салынады немесе дайын үйлер сатып алынады. Бүгінгі күні Екпетал ауылы және Қаратал ауылының тұрғындарына өз келісімдері негізінде аудан орталығында жасақталған жерден жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда 93 отбасы өзара шартқа қол қойып, тұрғын үйлі болды. Солардың бірі, қараталдық Назгүл Утенова аудан орталығынан жаңа қонысқа ие болды. Жарамсыз болып қалған үйі 14 млн теңгеге бағаланған. Таңдауы түскен тұрғын үй - аудан орталығында аурухана, мектеп, саябақ жанында орналасқан. Өзінің және отбасының көңілінен шығып, баспаналы болғаны үшін өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Айта кетейік, тасқыннан зардап шеккен 350 отбасыға 129 млн 220 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем толық төленді. Сондай-ақ, материалдық шығын және баспанасын жөндеуге қаржыны 320 отбасы алды. Жалпы аудан көлемінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау шаралары жалғасып жатыр.
320 семьям из Уила выплачены компенсации за порчу имущества и выделены средства на ремонт их домов От весеннего паводка в Уилском районе пострадали села Каратал и Екпетал. В результате затопления некоторые дома жителей были признаны аварийными. В Уилском районе сегодня полным ходом идет строительство новых домов для пострадавших. В сельском округе им. Ш. Берсиева 234 дома. По заключению комиссии 18 домов отремонтируют, владельцам остальных построят новое жилье или приобретут готовые дома. Так, для жителей сел Екпетал и Каратал по их согласию строят дома в районном центре. Еще для 93 семей приобрели готовое жилье. Среди новоселов Назгуль Утенова из села Каратал. Ей купили дом в Уиле. Ее аварийный дом был оценен в 14 миллионов тенге. Новый дом Назгуль Утеновой находится рядом с больницей, школой и парком. Она выразила благодарность местному руководству за то, что ее обеспечили комфортным жильем. В районе 350 семьям, пострадавшим от паводка, выплачена единовременная социальная выплата на сумму свыше 129 миллионов тенге. Также 320 семей получили компенсации на возмещение материального ущерба и ремонт жилья. На территории района пострадавшим от весеннего паводка продолжают оказывать всесторонние меры поддержки.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi