Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді Үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ оларға жан-жақты көмек көрсету бойынша өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауда. ➤ Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталды. Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында – 57, Батыс Қазақстан облысында – 80, Ақтөбе облысында – 43 және Павлодар облысында – 5 үй пайдалануға берілді. Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100% аяқталды. Жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды. 34 216 отбасыға 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша төлемдер берілуде. Бүгінгі таңда 9,9 млрд теңгеге 21 869 отбасы осындай көмек алды. Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге ШОБ субъектілерінің 455 өтінімін қарап, мақұлдады. Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.
5 239 пострадавших от паводков семей получили построенные и выкупленные для них дома и квартиры Правительство на постоянном контроле держит проводимую в регионах работу по строительству и приобретению жилья для пострадавших от паводков семей и оказанию им всемерной помощи. ➤ Так, новые дома и квартиры взамен разрушенного жилья на сегодняшний день получили 4769 семей. Помимо этого в пострадавших регионах усиленными темпами ведется строительство 2568 новых домов, из которых по 470 объектам полностью завершены работы и вручены ключи жильцам. В Северо-Казахстанской области сданы 285 построенных домов, Костанайской – 57, Западно-Казахстанской – 80 домов, Актюбинской – 43 и в Павлодарской области – 5. Работы по обследованию и оценке подтопленного жилья во всех областях завершены на 100%. Соответствующие выплаты на ремонт и восстановление получили 8 853 семьи на общую сумму 49,3 млрд тенге. 34 216 семьям выплачены единовременные компенсации в размере 100 МРП на 12,6 млрд тенге. Также для приобретения утраченных предметов первой необходимости осуществляются дополнительные выплаты до 150 МРП. На сегодня такую помощь получили 21 869 семей на 9,9 млрд тенге. Продолжается работа по возмещению ущерба пострадавшему бизнесу. Региональными комиссиями рассмотрено и одобрено 455 заявок субъектов МСБ на общую сумму 7,9 млрд тенге. Объем государственной помощи за павший скот превысил 2,8 млрд тенге.
Источник. https://t.me/KZgovernment