94 семьи, пострадавшие от наводнения, получили единовременные выплаты

Ақтөбе облысы: Су тасқынынан зардап шеккен 94 отбасы біржолғы төлем алды    Ақтөбе өңірінде табиғи апаттан жапа шегіп, қиын жағдайға түскен отбасыларға арналған бірреттік төлем беру жалғасуда. Соңғы үш күнде 88 отбасы 300 мың теңгеден және 6 отбасы 369 200 теңгеден алды. Берілген төлемнің жалпы құны 28 миллион теңгеден асады.    Облыс бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуға барлығы 346 өтініш берілді. Қобда ауданынан – 104, Темірден – 36, Мұғалжар өңірінен – 43, қалған құжаттар Ақтөбеден тапсырылған. Дүйсенбіде тағы 83 отбасы төлем алады. Басқа өтініш берушілердің құжаттарын комиссия тексереді. Оған сегіз күнтізбелік күн беріледі.     Естеріңізге сала кетейік, үйлері су басқан ақтөбеліктер мен Әйтеке би ауданының тұрғындары 300 мың теңгеден алады. Басқа аудандардың тұрғындары - 100 АЕК немесе 369 200 теңгеден.    Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы төлем тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет. Сәйкестендіру үшін өтініш беруші жеке куәлік, акт және су тасқынынан келтірілген залалды растайтын анықтама және банктік шоттың 20 таңбалы нөмірін ұсынады.    Өтініштер сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 14: 00-ге дейін қабылданады.   Тұрғындар мен кәсіпкерлерге су тасқынының кесірінен келген материалдық шығынды есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссия құрылғанын атап өткен жөн. 7 сәуірдегі жағдай бойынша 2 115 өтініш түсті. Комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарындағы 1 482 үйді аралап шықты. Ойыл ауданында судың жоғары деңгейіне байланысты мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Келтірілген залалды төлеу тәуелсіз бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.    Тіркелмеген мүлікті, негізінен бау-бақша мүлкін бағалау үшін жеке механизм пысықталады.  

94 семьи, пострадавшие от наводнения, получили единовременные выплаты    В Актюбинской области продолжается прием документов на получение единовременной выплаты семьям, пострадавшим от стихийного бедствия и оказавшимся в трудной жизненной ситуации. За последние три дня 88 семей получили 300 тысяч тенге, 6 семей – 369 200 тенге. В общей сложности сумма выплаты превысила 28 миллионов тенге.   Всего по области на получение единовременных социальных выплат подано 346 заявлений. В Кобдинском районе подано 104 заявки, в Темирском – 36, в Мугалжарском – 43, остальные по Актобе. В понедельник выплаты получат еще 83 семьи. Документы других заявителей проходят проверку. На это отводится восемь календарных дней.     Напомним, актюбинцы и жители Айтекебийского района, чьи дома были затоплены, получают по 300 тысяч тенге. Жители других районов – по 100 МРП или 369 200 тенге.  Для назначения единовременной выплаты гражданам, пострадавшим от наводнения, необходимо обратиться в отделы занятости и социальных программ по адресу проживания. Для идентификации заявитель предоставляет удостоверение личности, акт и справку, подтверждающие о причиненном наводнением ущербе и 20-значный номер банковского счета.    Заявления принимаются с 9:00 до 18:30, перерыв на обед с 12:30 до 14:00.   Стоит отметить, что для расчета материальных потерь жителей и предпринимателей от паводков в каждом районе Актюбинской области создана отдельная комиссия. По состоянию на 7 апреля поступило 2 115 обращений. Члены комиссии для оценки ущерба обошли 1 482 дома в Актобе, Айтекебийском, Кобдинском, Мугалжарском, Темирском районах. В Уилском районе работы по оценке имущества пока не удается проводить из-за высокого уровня воды. Выплаты понесенного ущерба будут осуществляться по итогам независимой оценки.    Для оценки незарегистрированного имущества, преимущественно садоводческого, будет проработан отдельный механизм.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 148
Категория: 
�����