Акция "Таза Қазақстан": полиция обсудила актуальные вопросы экологии и чистоты в регионе

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

«Таза Қазақстан» акциясы: полиция өңірдегі тазалық пен экологияның өзекті мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысының полиция департаментінде 17 қаңтарда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экология мен тазалық мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік мекемелер, тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша мердігер ұйымдар, құрылыс компаниялары мен экобелсенділер қатысты.
Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар қаралып, экологиялық бұзушылықтар мен олардың зардаптары талқыланды. 2024 жылы облыста абаттандыру ережелерін бұзудың 4723 фактісі, ортақ пайдалану орындарын бүлдірудің 4024 фактісі анықталды. Сонымен қатар, жолдарды күтіп ұстау міндетін орындамаған мердігерлерге 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов елді мекендердің тазалығы халықтың жайлы өмір сүруі үшін маңызды екенін атап өтіп, халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жандандыру, оның ішінде ірі көлемді тұрмыстық қалдықтары шығарудың реті мен орындары туралы ақпараттандыру қажеттігін айтты.
Шарада құрылыс компанияларына абаттандыру ережелерін сақтау, дөңгелектері лас көліктердің жолға шығуына жол бермеу туралы айтылды. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың қыста жолды күтіп ұстау мәселелері де жан-жақты талқыланып, алдағы кезеңге міндеттер айқындалды.
#заңжәнетәртіп

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Акция "Таза Қазақстан": полиция обсудила актуальные вопросы экологии и чистоты в регионе

17 января в Департаменте полиции Актюбинской области состоялась встреча, посвященная экологическим проблемам региона в рамках республиканской акции "Таза Қазақстан". В обсуждении приняли участие представители государственных органов, подрядных организаций по вывозу ТБО, снеговывозящих организаций, строительных компаний и экоактивисты.
На встрече были подведены итоги работы в рамках акции, стартовавшей в апреле 2024 года. Также обсуждались совместные задачи на предстоящий период. Полицейские представили статистику экологических правонарушений: в 2024 году было выявлено 4723 случая нарушения правил благоустройства и 4024 факта загрязнения общественных мест. Вопрос чистки дорог также стал важной темой обсуждения — за ненадлежащее содержание дорог в прошлом году подрядные организации были оштрафованы на сумму более 5 млн тенге.
Первый заместитель начальника ДП Ардана Саймагамбетов подчеркнул важность экологической ответственности, а также необходимость активизации разъяснительной работы среди населения, в частности, о порядке вывоза и местах крупногабаритных отходов.
Особое внимание было уделено вопросам соблюдения правил благоустройства строительными компаниями, недопущение загрязнения дорог спецтехникой, а также вопросам содержания зимних дорог.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/reel/DE9A1k8ott_/

Просмотров: 173
Категория: 
�����