Акция «Таза Қазақстан» продолжается в Актобе

 

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда  Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары да тазартылып жатыр. Бүгін 100-ден астам адам «Таза су айдыны» шарасына қатысып, шомылу орындарының маңындағы күл-қоқыстарды жинап арнайы полигонға жіберді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, «Ақтөбе балықшылары» еріктілер қозғалысының, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанаты «AMANAT» партиясының облыстық филиалының мүшелері қатысты. Мұндай жұмыс жаз бойы жалғасатын болады.  Экологиялық акция Ақтөбе су қоймасының аумағында өтті. Мұнда бірнеше шомылу орны болғандықтан, келушілер көп. Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Әрі биылғы су тасқынынан кейін тал-теректің арасы қалдыққа толған. Жастар мен еріктілер барлығын теріп, тазалады.

«Бұған дейін біздер Жасыл елдің сарбаздары арқылы "Таза жағалау" акциясы аясында Қарғалы өзенінің жағалауын жинаған болатынбыз, Елек өзенінің жағалауын жинап осы кезге дейін 100-ден астам тонна күл-қоқысты шығарып қалалық полигонға жіберген болатынбыз. Суға түсу маусымы басталғалы тұр өздеріңіз білесіздер. Сол себепті біз жаз бойы жинайтын боламыз»,- деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.  Жағалаудан өзге, су асты да тазартылды. Бұл үшін балық шаруашылығы инспекциясы мен балық аулау спорты федерациясының өкілдері бірлесіп, суда қалған аулар мен қоқысты жағаға шығарды. Бүгін 40 тонна көлемінде күл-қоқыс шығарылды. Ал, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасын табады. #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan

Акция «Таза Қазақстан» продолжается в Актобе  Акцию «Таза су айдыны» провели в Актобе. Участники молодёжных трудовых отрядов «Жасыл ел», сотрудники рыбной инспекции, члены волонтерского движения «Рыбаки Актобе», а также молодежного крыла «Жастар рухы» областного филиала партии «AMANAT» очищали от мусора берег Актюбинского водохранилища. Буквально за полдня с территории вывезли порядка 40 тонн отходов. Субботник организовали в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан».

«До этого в рамках акции «Таза су айдыны» участники молодёжных трудовых отрядов «Жасыл ел» очищали от мусора берега рек Каргалы и Илек. Всего собрали и вывезли на полигон больше ста тонн отходов. Впереди пляжный сезон, поэтому будем работать всё лето. Просим отдыхающих уважать наш труд и забирать мусор с собой после выездов на природу»,- говорит председатель областного штаба молодежных трудовых отрядов «Жасыл ел» Нуржан Шангытбаев. Постоянные участники подобных экологических акций - сотрудники рыбной инспекции и областной Федерации рыболовного спорта. И пока одни собирали мусор на берегу Актюбинского водохранилища, другие вытаскивали из водоёмов сети, оставленные браконьерами.  В акции приняли участие около ста человек. Помимо наведения чистоты на берегу рек, в парках и скверах, участники отрядов «Жасыл ел» задействованы также в озеленении территорий. Этой весной они высадили 700 саженцев. Трудиться в этом году в отрядах будут 1860 человек. #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 186
Категория: 
�����