Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады. Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді. Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.
Аким Актюбинской области Асхат Шахаров провел прием граждан Проблемы населения также выслушивали председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева, аким города Азамат Бекет, председатель Актюбинского областного филиала партии «Amanat» Ербол Данагулов, председатель городского маслихата Анар Даржанова, руководители управлений и департаментов, заместители акимов районов. Записавшиеся на прием к акиму области жители интересовались вопросами предоставления жилья, благоустройством дворов, получения кредитов на развитие личных подсобных хозяйств и другими проблемами. Так, к примеру, жители села Аксай Кобдинского района обратились с просьбой оказать помощь в обеспечении электроэнергией фермерских хозяйств. А сельчане из Бестамака Алгинского района просили установить шумоизоляционные щиты вдоль трассы, проходящей по центру села. Жители одного из жилых массивов Актобе подняли вопросы обеспечения питьевой водой, ремонта дороги и уличного освещения. Аким области выслушал все обращения и дал поручения ответственным органам оперативно и в рамках закона рассмотреть и принять меры по каждому из вопросов.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi